Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 4
– Жәке, дұрыс жасағансыз. Енді түсіндім. Келешекте ұрпақтарымызды не күтіп тұрғанын кім білген, жауымыз Шығыстан деп жүр едік, батыстан мына орыстар шықты. Оның дос, дұшпан болатынын кім білген… Баяғыда Төлекбай атам айтты деуші еді, алдымен достың да, дұшпанның да тілін үйрен деп. Сол сөзде жөнділік бар-ау деймін, мына шаруаңыздан соны біліп отырмын. Дұрыс жасағансыз.
– Әрине, тіл арқылы бәрін білесің, тілмен басқа елдің өнерін үйренуге болады. Байқаймын, бізден гөрі орыстар өнерлі тәрізді. Олардан үйренгеннің кемшілігі жоқ. Жолдан шаршап келдің, дем ал.-Немересі Телқозыға:
– Сен мына Таубай әкенді кең, әрі бір жайлы киіз үйге қондыр.-Жанкелді айрықша сыйластық көрсеткісі келді ме, екінші рет қайталап айтты Жанкелдінің балалары әр ру басына жеке-жеке үй тіккен.-Сен Таубайға жеке үй бер, -деді немересінің адамдарды кедей, байға бөлетінін білетін Жанкелді, бұл сөзді әдейі қайталап айтып отырғаны сондықтан.
Телқозы Елгелділерге ренішті еді, Кербестінің бір тұқымын сұрағанда бермеген, оның себебі, Корыспайдың еске алу жиынындағы ат жарысында Сапақты жақтап кеткені де содан болатын. Телқозының Елгелділерге, олардың бұған теріс қарап кеткені содан еді. Көнілі қаламай тұрса да атасының жасап, Таубайдың бір өзін жеке киіз үйге жайғастырып, қасындағыларды түгел бөлек бір үйге түсірді. куәсіндей бәрі дерлік он екі қанат ақ үйлер еді. Таубайлар орналасқаннан кейін дастархан жасалып, ас келді. Қасындағылар тамақ ішіп алғаннан кейін жолдан шаршап келген Таубайдың демалуын ойлап, жеке қалдырып тамақтан соң Ашықбай бастаған басқалары тысқа шықты. Сыртта бәйгеге әкелген боз аттың қасында жүрген Жәмке жүгіріп келді.
– Аға, -деді Байсарыға- Біздің атты бір кісі қарап жүр.
Ол солай қарай беттеді. Расында, қаз-қатар байланған жылқылардың қасында бір адам жүр екен. Байсары бірден таныды.
– Көбеке, амансыз ба?
Көбен сыншы да бұл кезде сексенді алқымдап қалған кез еді. Содан да бір көрген адамын танымайтын болған. Әйтпесе, Елгелділердің талай жүйрігін жақсылап сынап берген кезінде. Көбеннің айтқаны мүлт кетпейтін еді. Бірақ қазір Байсарыны танымай қалған ол:
– Сен қай жақтан келдің?
– Мен мына Балықтыкөл-Байатардағы Елгелді боламын. Атым Байсары, танымадыңыз ба?
– Жас келді бұрынғыдй емеспін. Ылғи шатастырып аламын. Кешір, бауырым, сенің атың қайсы?
– Мына алдыңызда тұрған боз ат!
Осы арада Көбеннің көрегендігі ұстап кеткен тәрізді.
– Бұл Тәнірбергеннің Корысбайының асында шапқан