Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 6
– Бүкіл денем ауырып тұр, Атқа шаба алмаймын.
– Қайтсең де шабасың!
– Шаба алмаймын, -деп бала төсегіне қайыра жатып қалды.
Амалы таусылған Байсары жүгіріп сыртқа шықты. Сол екі арада қасына еріп келген адамдардың бәрі хабардар болып қалды. Ашықбай бастаған Елгелділердің бәрі Жәмке жатқан киіз үйге қайыра кірді. Балада ес жоқ, сандырақтап жатыр. Сыртта Жанкелді қасында отырған Таубайдың құлағына да жеткен.
– Құрығанда ат жарысы құрысын. Бір атадан қалған жалғыз көз еді. Ауырып қалғаны қиын болды ғой. Кеше не тамақ ішіп еді…
– Қайдан білейін, менің көзімше біз ішкен тамақты ішті, – деді Байсары тұрып.
– Кеше Көбеннің көзіне түсіп кеткен жоқ па? -деді Жанкелді.
– Иә, кеше тойда болғанда ел алдына шығып алып, тілі сайрап тұр екен. Болатын бала екен, – деп қайта-қайта айтып еді, Көбен!
Байсарының мына сөзін естіп Жанкелді айтты, сол Көбеннің көзі тиген. Соған ат шаптырыңдар деді.
Көбен көрші ауылда тұратын. Ат жіберілген еді. Ол келіп, мен өз көзімді өзім қайыра алмаймын. Мына көрші ауылда Сары бәйбише деген бір кемпір бар, сол, менің көзімді қайтарады. Соған адам жіберіңдер деді. Енді соған ат шаптырды. Ол келіп, көріп: көз қатты тиген екен. Дегенмен, емдеп көрейінді айтқан. Өзінің мұндайдағы үйреншікті емін жасады. Бірақ та бала орнынан тұрып кете алмады.
Байсарылар ауылдан боз атқа мініп шабатын бала іздеді. Оның сөзін Шоң естіп тұрған еді:
– Бұл атпен мен шабайын, -деді. Баласынын бұл сөзін Телқозы жақтырмады.
– Шапсан, өзіміздін пуылдан да аттар қатысады. Соның біріне мін. Қайдағы бір Елгелдінің атымен шауып, солардың шашбуын көтеріп қайтесің? – Теоқозы Кербестінің бір тұқымын бермеген Елгелдірге өкпелі тағы да көрсетті.
– Мен сіздердің бірінші орынды алмайтын аттарыңмен шаппаймын. Кеше Көбен осы ат не бірінші, не екінші орын алады деген. Осымен шабамын, -деді Шоң. Жанкелді бауырынды өскен Шоң Телқозыны атымен атайтын.
– Телқозы, Ерназар да, Елгелді де Сатыпалды әулетінен. Сіз неге бөлесіз. Оның ішінде Дәулетбикеденбіз. Елгелдінің аты озса, сіздің де беделіңіздің өскені.
Телқозы баласының бұл сөзін сонда да мақұлдамады. Бірақ қарсы сөз де айта алмады. Қасында тұрғандардан ұялды.
Шоңның бұл сөзінде сыр бар еді. Дәулетбике хан қызы болатын. Баяғыда сонау Есімхан заманында хан бір топ батырларын алып жорыққа шығады. Ол қайтып оралғанша Жәнібек ханның тұқымы Тұрсын Түркістанды басып алып Есімханның отбасына үлкен қорлық көрсетеді. Соғыстан қайтып оралған Есімхан Ташкентте отырған Тұрсынды бір түнде басып алып, бүкіл еркек кіндіктен туғандарын түгел қырып, қыздарын қасындағы батырларына бөліп береді.