Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 7
Сапақ осы маңайдағы жүйрік аттарды бірнеше есе бағасын беріп сатып алатын. Жырыстың алдында, кейін Елгелділерге сан рет барып,«маған Кербестінің бір тұқымын беріңдер» деген. Оншақты жылқы берген орнына. Сонда да көңілдері қалған бұлар бермеген болатын. Сапақ Елгелділерге содан ушулы еді. Осы жолы қайтсе де бірінші орынды алмақ ойы бар.
Сапақ бұл тойға Каракесектерден сатып алған Теңбіл көгін салды. Оған өзіне әбден сыр мінез болған Айтан деген жігітті мінгізді. Жас кезінде бір келессіз аурумен ауырып, бойы өспей қалған. Он сегізден асып кеткен ол сырт адамға он бірдегі баладай болып көрінетін. Атқа жеңіл, оның үстіне шабыскер. Қандай жарыста, тойда болмасын Сапақ ынғай осы Айтанды мінгізетін.
Тамыз айының бір шуақты күні болатын. Күн онша ыстық емес. Әдейі ат жарысына тандап алған күндей еді. Жүйрік аттарға мінген балаларды басқарып жүрген жігіт Қараағашты бойлап оңтүстікке қарай кеткен. Жиырма бес шақырымдай болды-ау шамада жарысқа қатысатын аттарды тоқтатып қолын жайып бата беріп, балаларға жол болсын айтып қоя берген еді.
Бес жүздей ат қазылар отырған ауыл жаққа қарай лап қойды. Ат тұяқтарынан жер тітіркеніп кеткендей еді. Бәрінде бір үміт, бір тілек болатын. Әр рудың балалары аруақты аталарының атын атап аттарына қамшы басты. Шоң да боз атқа Дәулетбикелеп қамшы салған. Алғашқы кезде ат тұяғынан жерден көтерілген шаңнан ештеңені біліп болмайтындай еді. Меженің жарты жолына келгенде ат арасы сиреп, жүйріктер алға кетіп, шабысы қысқа аттар кейін қала берді. Межеге он шақырымдай қалғанда алдағы аттардың қатары саусақпен санарлықтай болып қалды. Шоң байқады, алдында бес-алты ат кетіп барады. Енді кешіксе алдағылар жеткізбей кететінін сезді. Атына тағы қамшы басты. Алдағылар аттарының есін шығарардай қамшы салып келеді. Өйткені, таяқ тастар жерде жеңіс тұр. Қазаққа ат жарысынан жоғары ештене жоқ, бұнда ел намысы, атақ-абырой бәрі осында еді. Кейбір ат үстіндегі балалар қалып бара жатқанын сезіп дауыс шағарып жылай бастады. Алға кеткендерге бірінші болып баруға үміт оянған. Алда мұнартып көрінген киіз үйлер айқындалып көріне бастады. Шоң енді байқады, алда кетіп бара жатқан аттардың бірі Сапақтың Теңбілкөгі. Уә, аруақ, Дәулетбикенің атып атап, Шоң атына тағы қамшы басты. Көк ат сәт ышқынып кеткендей болды. Жанын салып шабысына шабыс қосты. Алда бара жатқан Сапақтын атымен теңесе берді. Шоң бірінші орынның аулы алыс емес екенін енді сезді. Анамыз Дәулетбикенің аруағы қолдай көр айтып тағы кезекті рет қамшы салды.
Бесімнің