Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 39
– Мен барғанда болыс болып сайланбай қалатын едің!
– Әлі не кеш емес, Ақмолаға біраз билерді ұйымдастырып арыз жасаңыздар, орнымнан шығарады да тастайды.
Шоңның шындап бара жатқанын сезді де, Шөміш артықтау кеткенін білді:
– Тоқадан болыс сайланып жатса, неге ренжимін? Мен саған ойын үшін айтып отырмын ғой. Бұл басы артық сөзді доғар да, үйге кір.
– Басты шаруамды орындадым, сәлем бердім. Енді үйге кірмеймін.
Әлсен Шоңның әлгі өзінің ат айдағанына, әкенің мына сөзіне ренжіп қалғанын білді де:
– Әкей әзілдеп айта береді. Соны көңіліңе алдың ба?
Ауылдан шыққалы бұзылған Әлсеннің көңілін тағы да бұзғысы келмей Шоң үйге кірген еді.
Дастархан басында жап-жақсы әңгіме басталды. Көңілдері келісіп, Шоң Шөмішпен ұзақ әңгімелерге барып, түннің бір уағында дейін отырды. Шөміш бұл жолы Шоңның ойынан шыққан біраз әңгімелер айтты:
– Сен болған соң, Әлсен би болып сайланды. Мұның кисық мінезі бар. Алдында осында өзім қатарлы талай би шалдарға айттым, бірі қолдамады. Ақыры сенің арқаңда өтті.
– Әлсен турасын айтып тастайды. Сол себепті шалдарға жақпайтыны, тікесінен айту да әділдіктің белгісі. Нағыз өзіңізге тартқан. – Бұл сөзді Әлсеннің айтқан сан сөздері есіне түсіп айтып тұр еді. Әлсеннің кейде басы-көзі демей айтып салатынын білетін Шоң.
– Сен оны да, мені де мақтама. Талайдан сөз естідім. Содан өзімнен төмендер өтіп кетіп жатқан билікке зор дегенде өткемін кезінде. Сен мұны мақтай берме, арасында теріс-бұрысын да айтып қойып отыр.
Шөміштің бұл айтып отырғаны шын еді. Кезінде би боламын деп сан рет түсіп, өте алмаған. Кейін Қабайдың аузын алып, талай малын шашып зорға өткен. Билікке өтудің қаншалықты қиын екенін білетін. Баласының би болғанына риза еді. Бұның Шоңның арқасында өткенін түсінетін. Әлгі әңгімелері сөз тудыру үшін айтып отырғаны әзіл тәрізді сөздері еді.
– Мен Әлсеннің ол жағын білемін, тек кейін менің балама қатты кеттің деп ренжіп жүрмеңіз…
– Шындықты, әділін айтсаң неге ренжимін. Мына сөзіңе қарағанда сенің бойыңда үлкен әкең Жанкелдіге тартқан бір қасиет бар тәрізді.
– Енді мақтай бастадыңыз ба, маған мақтау да, жамандау да керегі жоқ.
– Екеуі де емес, шындықты айтып отырмын.
Шоң Шөміштің мына сөзіне қуанып қалды. Қанша дегенмен қандай жағдайда болмасын дұрыс жағына бұрып сөйлейтінін білетін. Шоң сол сәтте, бағана Әлсенге қос жорғасын бекер жеккізбедім-ау деп ойлады… Түн ортасында қайыра дастархан жасалып, тағы ет келді. Шөміш сөз айтқан болатын.
– Келін, мына Шоңды күтіп ұста!
Әйімкүлдің де ретті жерінде сөз жібермейтін пысықтығы бар еді. Болыс әйелі екенін сезіне ме, кіші болсын, үлкен болсын айтатынын айтып салатыны бар еді. Уақыт өткен сайын ол қасиеті тіптен күшейіп кеткен. Манадан бері тамақ істеп жүрген Әлсеннің