Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 43

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

өткізсе өзіне пәле болатынын сезді. Содан ояз Шоңмен ақылдаса келіп, Герасимов пен Ыбырайды жіберген. Кеттебек пара берудің арқасында болыс болып алған. Содан өзіне қарсы болғандарға қырғидай тиеді. Бұл хабар Шоңға да жетіп жатады. Шоң Ақмолаға барғанда Ортау болысында болып жатқан жағдайды айтады. Ашуланған ояз Герасимовты жіберіп, Кеттебекті орнынан шығарып тастайды.

      Кеттебек Шоң мен Герасимовтың көңіл жықпас достар екенін білетін. Кеуделі Кеттебекке болыстан шығып қалғаны қатты әсер еткенін Шоң сезіп жүретін. Содан бірде Шоңға мінез көрсетіп айтқан: «Сен анау оязың арқылы Құтжанды өткізіп жібердің ғой» деген. Бұл сөзде шындық жатқанын түсініп Шоң сөзді көбейткісі келмей, үндемей жүре беретін. Содан бері кездескен жерде соны еске түсіріп айтып жүретін. Әкесі Телқозы да мұны білетін. Шоң әкесінің Кеттебек үйіне барып жүргенін бір нәрсеге ұрындыру үшін жасап жүрген қулығы ма деп ойлаған. Ала көңіл болып тұрғаны осыдан еді.

      Барлық ойды сырып тастап сыртта біраз жүріп келіп Шоң Карповпен кездескеннен кейін жаза бастаған қазақ тарихы туралы жазбасына кіріскен еді. Бұл мәселе де күнделікті үзілмейтін тақырыпқа айналған соңғы кезде. Бүгін үйеншікті болған шаруасына кіріскенде тіптен ұзаққа кеткен отырысы болды. Шоң сонау Қоңырқұлжамен болған әңгімеден кейін жазамын ба, жазбаймын ба деп екі ойлы боп жүрген қазақ тарихи жайындағы еңбегін Карповпен кездескеннен кейін біржола қолға алған. Айтар ойлары көбейіп кеткендей еді. Онымен қоса қазақ жеріне орыстардың көшіп келуіне байланысты да пікірі бар еді басында. Бәрін біріктіріп, бір мәселеге айналдырған. Шоңның жазуы тіптен молайып кеткені содан еді. Кейінгі кезде бос уақытында бұрындай қаршыға алып, құс аулауға, ілуде-шалуда болмаса шықпайды, бірнеше сағат отырып ойға беріліп жазатыны бар еді. Шоңның не жазып жүргенін ешкім білмейді. Анада бірде Әйімкүл Шоңнан не жазып отырсыз деп сұрағанда ол айтқан, өткен-кеткен, алдағы шаруалар жайында толғаныстар ғой деген. Әйімкүл оның бұл айтқанын онша түсіне қоймайтын. Содан кейін Шоңның жазуында жұмысы болмайтын. Содан бері біраз уақыт өтті – шегі жоқ, бітпейтін шаруа тәрізді. Ойдан ой туа беретін. Шоң бұған жалықпайтын, қайта құмарта түсетін. Күн сайын түннің біраз уақытына дейін отырып жазатыны бар. Әйімкүл бұған да үйреніп алған. Дегенмен, сағаттар ойы күйеуінің тапжылмай отырғанынына мазасызданатыны және бар. Әйімкүл кейін тағы да бір-екі рет сұрап еді, күйеуі өзім де білмеймін деп, екіұшты, жұмбақтап жауап берді. Оған ашуланып қалған Әйімкүл атымен сұрамайтын болған еді. Шоңның күндіз-түні отыруына қарағанда, мұның бір маңызды шаруа екенін Әйімкүл түсіне бастаған. Кейде тіпті, біреулер сұрай келсе үйде жоқ деп, жазу жазып отырғанын жасыратын. Шоңның жазуына кедергі келтірмеуге тырысатын.

      Бүгін де әлгінде Малаймен болған қысқа әңгімеден кейін қайта кіріп жазуға отырған еді. Шабыты келіп жазғаны сонша, Шоң содан түскі тамаққа да тұрмады. Содан біржола жазуға беріліп кеткенін біліп Әйімкүл де тамаққа шақырып мазаламаған. Бесіндікке

Скачать книгу