Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 46

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

Ортау болысында сайлау болғанда Кеттебек Шоңға ренжіп біраз сөз айтқан соң, Шоңның жақтырмай қалғанын білген. Содан бері бірталай заман өткен. Екеуі жүздескен жоқ еді. Кеттебек мына Телқозының сөзінен кейін ойға беріліп отырып қалған еді. Шоңға бармасам деп бір ойлады. Бірақ бұл шаруаның соңы өзіне жақсылық әкелмейтінін біліп отыр еді. Кеттебек әрі ойлап, бері ойлап Шоңға баруға бел байлады. Араға екі күн салып өзі келген.

      Түс кезі болатын. Шоңдар түскі тамақтарын ішіп жатқан. Қасында бір жігіті бар Кеттебек кірді. Анау-мынау шаруаға оның өзі жүрмейтін. Біреулерді жіберетін. Әкесін екі жылқы беріп жұмсап отырғанынан Кеттебектің мына шаруасы шатағы көп іс екенін, содан кейін әкесін жұмсағанын түсінген Шоң. Кеттебек Шоң көрсеткен жерге отырмай, одан төмендеу барып отырды.

      – Кеттебек, жоғары шық, – деді Шоң екінші рет қайталап.

      – Шоңке, осы жер де жетеді. – Кеттебек бұрын Шоңды Шоңке деп атамайтын. Бұл жолы басқаша болды. Шоңға «ке» қосып сөйледі. Бұл да өзіне қаратудың амалы екенін Шоң біле қалды. Мына сөз сөйлеу мәнерінен де Қаракесектерге қатты ренжіп келіп отырғанын ұққандай болды.

      Аралбайлықтар, көрші отырғандықтан, Ерназарлармен қыз берісіп, қыз алысып, туыс болып кеткен адамдар еді. Бір жағынан сонысын да көлденең тартып келіп отырғанын сезді Шоң. Ертеңгі күні Шоң төрге шық деп айтпаса, қажетті жерінде әңгімеге айналдырып, талай жерде айтып жүретінін біліп, тағы да қайталап айтқан:

      – Кеттебек, сенің орның неге төменде болады? Жоғары отыр. Біз құдандалы адамдармыз, – деген сөз Шоң аузынан тағы шыққан соң, болыстың өзіне ықыласы жақсы екенін білді де айтқан жеріне жайғасты.

      Кеттебек негізгі шаруасына бармай, анау-мынауды әңгіме етіп біраз отырды. Әкесі айтқан әңгімеден соң болыс өз жағына шығатына сеніп келіп отыр еді. Шоң әкесінің аузынан естіген шаруаға бармаған, Кеттебек де шыдамдылық көрсетті. Шоң оның келген шаруасын ұзаққа созып жібергенін жақтырмай отырған. Мына отырысында шірену, өзін өзі құндау бар екенін ұқты Шоң. Ақыры Кеттебектен тезірек құтылуды ойлап, сөз бастаған:

      – Кеттебек жай жүрген жоқ шығарсың, негізгі шаруанды айта отыр, – деді Шоң.

      – Біріншіден, көптен бері көріскеміз жоқ, амандасуға келдім. Екіншіден, бір ойламаған жағдай болып қалды… Сөзінің жартысын жұтып үндемей отырып қалды Кеттебек. Бәрін әкесіне айтқан, соны Шоң аузынан есту ойы бар еді. Содан кейін бастамай отырған еді. Шоң отырып:

      – Кеттебек бір шаруамен келген шығарсың. Келген шаруанды айта отырсайшы.

      – Менің шаруамды сізге Телекең айтқан болуы керек.

      – Сенің өз аузыңнан естігім келіп отыр.

      Осы арада Кеттебек ағытылып кетті. Мына Қояншы-Тағайлар күн көрсететін емес. Таяуда бір үйір жылқымызды айдап әкетті.

      – Ол сіздерге баяғыдан жақсы құдандалы адамдар емес пе, қалай айдап әкетеді?

      – Дуанды мына орыстар басқарған соң күшейіп тұр ғой. Ыбырай уақыты болса көрер едім, ығымнан жүрмес еді. Орыстар билеген соң

Скачать книгу