Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 47
Қояншы-Тағайдың бұл байын Шоң сырттай жақсы білетін. Бірақ көріп, сөйлескен адамы емес еді. Шоң оның мына сөзіне ренжіп қалды да, содан кейін айтқан:
– Сіздер құдандалы адамсыздар, барып өзің сөйлеспейсің бе? Екіншіден, олар Ақмолаға қарамайды. Қарқаралы уезіне барып арыз айтыңдар. Менің білетінім, орыстар оларға жайдан-жай көмектеспейді. Дұрыстап айтсайшы, кімге пара бергенін, олай болмаса арты дау, бос сөзге айналып кетеді.
– Шоңке, өз көзім көрген жоқ. Орыстар бірдеңе берсе ғана қимылдайды. Олар қазақты сыйламайды, берген парасын сыйлайды. Сізге ғана айтып отырмын. Қаракесектің Қояншы-Тағайлары берсе бере берсін, онда жұмысым жоқ, менің бір-ақ тілегім бар, ұрлаған малымды қайтарсын!
Шоң Кеттебектің мына сөзінде жалған да, шындық та барын сезді. Орыстардың қазақтардан көрсеткен қызметі үшін пара алатынын білетін. Олар кінә болса, Кеттебектің де, Қояншы-Тағайлардың есін шығаратынын біліп отырған. Алайда, Шоң Кеттебектің мына сөзіне күмәнданып қалды.
Ақмоладан түк бітіре алмаған соң келіп отырған. Каракесектердің үстінен арыз айтып барғанда Ыбырай айтқан: «Ояз менің тілімді ала бермейді, анау Шоң оязбен жақсы, соны пайдаланыңдар» деген. Шоң да Ыбырайдың дуанбасы болып тұрғанда Аралбайлармен жақсы болғанын білетін. Осы жаққа келіп жүріп Ыбырайдың көңілінен шығып, Құтжан би Ыбырай төренің бір қызын, қара қазақ болса да, баласына алып берген. Содан Ыбырай мен Құтжан бұрыннан да жақындасып кеткен. Сол кезде Кеттебек сырттау қалған. Ыбырай құдандалығын пайдаланып, Құтжанға Ортау болыстығын алып берген. Содан екі ағайынды Аралбайлардың арасында бір реніш барын сезетін Шоң. Соны біле тұра айтқан:
– Ана Құтжан ағаң бар ғой, соған неге барып айтпайсың? Олар Ақмола оязына арыз жазса, сендер Қарқаралы оязына соны жасаңдар.
– Ол кісінің үстінен біреулер арыз түсіріпті. Содан кейін ол кісіге бара алмадым. Оның үстіне біздің ауыл сізге қарайды ғой. Сіз тұрғанда оған қалай барамын?!
Шоңның іші сезе қалды. Кұтжан үстінен арыз жазылып жатса, оны ұйымдастырып отырған Кеттебектің өзі екенін білді. Әйтпесе, Құтжан Аралбайлардың өз арасындағы дауға араласпай қалмайтын. Құтжанға бармай өзіне келіп отыр. Өйткені, Құтжанның көмектеспейтініне Кеттебек сенімді. Әйтпесе, Шоңға келу ойында жоқ еді. Ойламаған жерде Аралбайдың бір байының үйінде Телқозымен кездесіп қалып, орыстың жылқылары туралы сөз шығып кеткен еді. Сонда Телқозыға айтқан, Шоң менің бір тілегімді орындаса сізге мен орыстың денелі, етті екі жылқысын беремін деген. Арнайы ертіп апарып көрсеткен де еді.
Малсақ Телқозы өзі денелі, өзі ірі жылқыға қызығып кеткен. Сол жолы біраз биелерін айғырдан шығарып алуға онымен келісіп кеткен. Сонда Кеттебек айтқан: «Телеке, балаңыз айтқанымды орындап берсе осы екі жылқыны сізге біржола беремін». Осылайша алдында Телкозының аузын алып қойған. Соған сеніп жүр еді. Бірақ алдыңғы күні Телқозы келіп айтқан: «Кеттебек, мен айттым, сен өзің де Шоңның алдынан бір өтсейші». Өз аузыңнан естісін дегені еді. Кет�