Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 10

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

ұлтшылдары мен еврейлер бой көрсете бастаған. Соған қарамастан, бұл адамды генерал Черняевтің орнына генерал-губернатор етіп қойып отыр. Сірә, патша алдында беделі әлі де бар адам болар деп бағалап, Шоң іштей өзінше қорытынды шығарды.

      Шоң білетін, Карбышевтың арманы Мәскеу түбіндегі әкесінің қонысына барып тұру, болмаса осы жылы жаққа ауысу болатын. І Петр патшаның тұсында атасы көзіне түсіп, Мәскеу түбінен қоныс берген еді. Әкесі Иванды Санкт-Петербургтегі Сенат алаңындағы офицерлердің көтерілісіне қатысқаны үшін Сібірге қуған екен. Енді бұл жақта қазақ жерін жаулап алуда жақсы істерімен көзге түсіп, кейін есаул болып, Ақмола бекетінің бастығы болғанын бірде Шоңға Карбышевтің өзі айтқан. Енді сол әкелерінен қалған қонысты алу жоспары болатын. Сол ойын жүзеге асыру үшін Санкт-Петербургке жүріп бара жатқанын білді Шоң. Аса жауапты, даулы мәселені өздеріне тастап кетіп бара жатқанын ұнатпады. Қарсы бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бар айтқаны оязға, «жол болсын» деді. Олар жүріп кеткен соң Колпаковский сөз бастады.

      – Әлгі кісілердің сөзіне қосып айтарым, бұл сіздерге императордың берген тапсырмасы. Екі генерал-губернатордың тілегі бойынша сіздерді осында шақыртып алдық. Бір жағы сіздерге серуен болсын дедік. Екіншіден, бізге жүйрік аттар жетіспей жатыр. Соны ІІІ Александрдың тілегі бойынша сіздер бересіздер. Осында келген әр болыстың, Карбышевтің мәлім етуі бойынша, маңайындағы болыстардан жүз елуден жүйрік аттар жинап беретінін айтты ол кісі.

      Шоң Карбышевтің әлгінде жылқы санын айтпай кетуі қулығы екенін және білді. Мына казактардың көзінше дау жасағысы келмегенін білді. Мына генералдың аузынан естісін деп әдейі жасап кеткенін түсінді. Бір болыс тұрып айтқан:

      – Басқа уездерден неге жинамайды?

      – Сіздер асықпаңыздар, олардан да жиналады, әуелі сіздер бастап, басқаларға үлгі көрсетіңіздер. Қажет болса, басқа уездерден де жинаймыз, -деді Колпаковский.

      Шоң ақылға сала келіп, бұл айтып тұрған жүйріктердің тым көп екенін білді. Бұл арада бірден айту керек екенін түсінген еді ол. Байлар айқай-шусыз бермейтінін іші сезіп тұрған. Содан кейін мына үлкен бастықтардың алдында ойын айтып қалғысы келді.

      – Біз, киргиздар патша мен сіздердің айтқандарыңызды орындаймыз, орындауға тырысамыз. Бірақ әр болыстың мойнына жүктеп отырған жүз елу жүйрік дегеніңіз тым көп. Қазақтар жүйрік аттарын қасында жатқан әйелдерінен жақсы көреді. Мұның арты айқай-шуға айналып кете ме деп қорқамыз. Сонау отызыншы жылдың орта кезінде киргиздардан күштеп жинаған. Сонда үлкен жанжал болған. Орыстардан да, киргиздар жағынан да көп адамдар өлген. Егер мынаны азайтпасаңыздар, аяғы сондай болып кетуі мүмкін. Ол үшін ат санын азайту керек.

      Колпаковский де мына сөзден қорқып қалған болуы керек:

      – Сонда қаншадан болсын дейсіздер?

      – Елу аттан болса дұрыс болар еді. Сонда ең жүйрігін таңдап берер едік.

      – Олай

Скачать книгу