Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 7
– Шырағым, дұрыс айтасың, сіздер жақта да орыстар көп пе?
– Ағасы, қазір орыс бармаған жер қалмады ғой.
Сөзге Темеш болысы араласып:
– Осы жақта отырғандардың бәрі негізі Албан болуы керек. Баяғыда үлкен әкем айтып отырушы еді, үлкен шешеміз Албанның қызы дейтін.
Бұл жақта Албан да, Шапырашты да, Дулат та, Жалайыр да бар. Әлгі бұларды қарсы алуға барған шал елпілдей қалды:
– Сонда үлкен шешең қайсысынан?
– Сүйем деп атайды. Оның ішінде Мамырбай.
Сол-ақ екен, әлгі кісі Темешті құшақтай алды: «Мен саған нағашы боламын!» Содан естері қалмай, бірімен бірі танысып, ананы-мынаны сұрап қуанысып жатты.
– Медеу, мен жиенімді тауып алдым. Енді үлкен той біздің үйде болғалы тұр. – Әлгі адам үйіне жиенін алып кетпекші болып еді, Шоң алдында орыс-казактың айтқанын естеріне салды.
– Әлгінде ана орыс айтып кетті ғой. Сіздер таңертең осы арадан табылыңдар деп.
Бауырымдап тұрған қазақ тыңдаған жоқ. Біраз отырып, қымыз ішкен соң, қасына үш адамды қосып жиенін ертіп әкетті. Олар кеткен соң да танысу одан әрі жалғаса берді. Үй иесі Медеу орта жүз қазақтарын бастап келген Шоң екенін түсіне қалды да:
– Шоңке, сіздің нағашы жұртыныз кім?
– Менің шешемнің төркіні жұрты Найманның Садыр тұқымынан тарайды, анау Қалмақтардың шапқыншылығы кезінде аталары Іле бойынан көшіп келіпті. Шешем Жамал – солардың қызы. Содан менің әкелерім құда түсіп, шешемді келін етіп түсірген. Біздің жақта сол Садырдың біраз ұрпақтары бар.
– Сол Садырдың, үлкен шешемнің шешесі менің әкелерімнің аналары. Сонда екеуіміз туыс болдық, – деді Медеу.
Содан ру мәселесіне зерек Шоң бәрін таратып, орын-орнына қойып берген. Олардың шешелері төрт-бес атадан қосылатынын анықтап берді. Бұлар біраз әңгімеге беріліп отырғанда семіз тайдың еті келді. Әңгімемен, ет жеумен біраз уақыттың өткенін олар білмей қалды. Түн болғалы қашан? Аспаннан ай жарығы төгіліп тұр. Лүп еткен жел жоқ. Жиі соғатын Арқаның желі бұларда атымен жоқ екен. Шоң отырып ойлаған, мына ара жер жаннаты, орыстар да мұны біліп келіп отыр екен ғой деген ұйғарымға келген. Онымен қоймай казактардың жері дейді. Алдында генералға айтар сөзі ішінде қалып сол мазалап отырған. Көзді бақырайтып қойып, бұл ара казактардың жері дегеніне іші ауырып отыр еді. Содан кейін Медеуге сұрақ берді.
– Ана орыстар отырған жер бұрын кімнің жері болған?
– Ол жер де, бұл жер де менің жеті атамнан келе жатқан жайлауым еді. Осы екі ара алыс емес, бірақ мына ара жазда да суықтау болады. Орыстар келді де сол жерге қоныстанып алды. Мені осылай қарай сырғытты. Жаз айларында бұл аралар малға таптырмайтын жер. Шөбі қалың болып өседі. Маса жоқ. Ал менің төменде, орыстардың ар жағында қыстауым бар. Жаз ортасы болмай, ыстықтан барлық шөбі күйіп кетеді. Малды көбейтемін деген ойыммен