Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 1
Мәдени антропология өзінің мазмұны мен қызметіне байланысты тео-риялық сипатқа ие. Ол сонымен бірге құбылыстар мен олардың генезисін түсіндіре отырып, мәдениетке эмпирикалық сипаттама беруді, салыстырмалы талдау жүргізуді, мәдениетаралық коммуникация мәселелері мен мәдениеттегі ортақ және өзіндік негіздерді зерттеуді де қамтиды.
Айта кетер жайт, «антропология» терминін алғаш қолданысқа енгізген Аристотель болған. Ойшыл терминді тек адамның рухани табиғатын зерттеуге қатысты қолданған еді. Аталмыш терминнің адамның физикалық құрылысына қатысты қолдануы алғаш 1501 жылы Лейпцигте жарық көрген Магнус Хундттың «Адам құндылығының, қасиеттерінің және табиғатының антропологиясы және адам денесінің мүшелері мен элемент-тері» атты кітабында кездеседі. Сондықтан, батыс-еуропалық әдебиеттерде терминнің екі түрлі мағынасы қалыптасқан, яғни, бір жағынан ол адам денесі туралы ғылым болса, екінші жағынан адам жаны туралы ғылым.
Антропология адамды биологиялық түр ретінде қарастыратын биологиялық антропологияны, адамның қоғамдық іс-әрекеті мен адамның қоғамдық тіршілік иесі ретінде қалыптасуын, оның әлеуметтену инсти-туттарын қарастыратын әлеуметтік антропологияны және мәдениетті рәміздер жүйесі ретінде тұжырымдайтын когнитивті антропологияны қамтиды.
«Мәдени антропология» курсы шеңберінде мәдениет адам мен қоғам-ның мәдени қалыптасу призмасы арқылы табиғи тұтастық ретінде қарастырылады. Мәдени антрополгия адам мәселесін мәдениет жаратушысы және жаратылысы ретінде қарастырады.
Жалпы, мәдени антропология ғылыми білімнің пәнаралық саласы болып табылып, зерттеу нысанасына қатысты жан-жақты әдістерді қолдана отырып, жалпы интегративті үрдісте дами отырып, социогуманитарлық ғылымдарға жақын бола тұра, әдіснамалық бағыттар мен жаратылыстану бағыттарын, техникалық ғылымдардың әдіс-тәсілдерін динамикалық түрде қолдануымен ерекшеленеді. Пәннің зерттеу саласында көптеген ғылыми бағыттар мен мектептер қалыптасты. Аталмыш ғылымның негізін қалаған алдыңғы қатардағы ғылыми мектептер Еуропа мен АҚШ-та пайда болған. Көптеген зерттеу орталықтарының ішінде англо-америкалық, неміс және француз ғылыми мектептері аса танымал болып келеді.
Мәдени антропология саласындағы көптеген маңызды теориялар мен концепциялармен танысу мәдениеттану білімінің аясын кеңейтіп, зерттеушінің әдіснамалық қорын байыта түседі.
Курстың мақсаты: студенттерді мәдени антропологияның тарихы мен теориясымен; антропологиялық зерттеулердің даму барысындағы не-гізгі теоретикалық бағыттардың мәселелері және мазмұнымен таныстыру.
Курстың міндеттері. Аталмыш пәнді оқу барысында студенттер мәдени антропологияның даму барысында қалыптасқан теориялық материалдарды игеруі тиіс. Осыған байланысты курс алдына келесі міндеттер қойылады:
· мәдени антропологияның тарихы мен әдістері, пәні жөнінде ғылыми түсінікті қалыптастыру;
· мәдени антропологияның қалыптасу тарихының шеңберіндегі түсініктік-категориялық аппаратын игеру;
· мәдени антропологияның теориялық әдебиетін, негізгі ғылыми мектептер мен бағыттардың жетістіктерін, концепцияларын игеру;
· мәдениеттердің түрлілігі мен теңдігін мойындаудың негізінде қалыптасқан нормативті-құндылық ұстанымдарын қалыптастыру;
· антропологтың тәжірибелік жұмысындағы негізгі біліктілікті игеру.
Курс логикасы мен құрылымы тарихи контекстің анализі мен дербес презентациясын ұсынады. Курс жұмысы базалық антропологиялық текс-тер мен классикалық зерттеу еңбектерді қарастыруға негізделген. Курс мәдени антропологияның материалының негізінде курс студенттерге теориялық білімнің эвристикалық құндылығы мен қажеттілігін көрсетуге, танымдық іс-әрекеттегі шынайы дамудың негіздері ретінде өзіндік ізденіс пен шығармашылық біліктілікті қалыптастыруда өз үлесін қосады.
Оқу құралында мәдени антропологияның түсініктері, мәселелері, негізгі мектептері мен бағыттарын қамтыған қысқаша лекциялар жинағы ұсынылады. Аталмыш жұмыстың қажеттілігіне ресейлік басылымдардан өзге қазақ тіліндегі әдебиеттердің болмауы негіз болып отыр. Жұмыста мәдени антропология ғылыми талдаудың жүйесі ретінде, біртұтас зерттеу саласы ретінде қарастырылған.
Аталмыш оқу құралы мәдениеттанушы-студенттерге, сонымен қатар, гуманитарлық ЖОО-дағы студенттерге, оқытушыларға және мәдениет мәселелерін зерттеушілер мен қызығушылық танытушыларға арналған.
1
МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1. Мәдени антропология социогуманитарлық білім жүйесі шеңберінде
1.1.1. Мәдени және әлеуметтік антропология, этнология, этнография: түсініктер мен пәндік салалар арасындағы байланыс.
1.1.2. Мәдени антропологиялық