Сана болмысы. Ғарифолла Есім

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 18

Сана болмысы - Ғарифолла Есім

Скачать книгу

мен Еуропа елдерi осыдан бiр апта бұрын ғана 6 аса iрi компанияның акцияларын сатып алды. Бұл үдерiстер жалғасуда. Исландия тура осылай жасады. Ұлыбритания да осындай қадамға барды. Демек, аталған мәселеде мемлекеттiң рөлi жоғарылай түсiп келедi. Немiс қаржы министрi экономиканы жүргiзудегi англо-саксон жүйесiнiң тиiмсiздiгiн атап көрсеттi. Яғни, бұл жүйе бойынша барлығы еркiндiкке жiберiледi. Қаржы реттелiп отырмайды. Бәрi өзiнен-өзi жүредi. Ал дағдарыс жағдайында, жоғарыда атап көрсетiлгенiндей, мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi жоғарылайды. Қазақ елiнiң де бұған келуi әбден ықтимал. Бiрақ дәл қазiр Отанымызда бұлай жасауға қажеттiлiк байқалмайды» («Егемен Қазақстан» газетi. 10.17.2008).

      Әлемдiк дағдарыс кiмге болмасын ықпалын тигiзбеуi мүмкiн емес, бiрақ отандастарым бiр мәселенi де ескергенi жөн. Дағдарыстан күйреп шығатындар да, байып шығатындар да болады. Дағдарыс деген – сынақ. Дағдарыс деген адам бойындағы ресурстарды реттестiру деуге де болады. Дағдарыстан қорқып-үрiкпей, дағдарыс кезiнде дұрыс өмiр сүре бiлуге дағдылану – қажеттiлiк. Осындай жағдайда Президент халықты дағдарыспен жекпе-жек қалдырып отырғаны жоқ. Ол үкiмет алдына үш мiндет қойды, олар: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; азаматтарының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту мақсатындағы iс-шараларды тоқтатпау және экономикалық жаңғыру iсi. Осы үшiн Ұлттық қордан 10 млрд АҚШ доллары бөлiндi, ол туралы парламент шешiм қабылдады.

      Бұл нарықтық қатынастарды мемлекеттiк деңгейде реттеу деген сөз, бұл қаржы банктерге емес, экономикаға көмек, ал банк дегенiмiз экономиканың қан тамыры деген сөз бар. Осы жағдайларға ой тезiне салып отырсақ, мемлекет пен экономика деген iстерде англо-саксондық капиталистiк жүйеде қателiктер болды деуге негiз бар.

      Бұл – аналитиктер пайымдауынша, қарыз дағдарысы. Қарызды пайдалы екен деп ала бiлу бар да, оны қайтару парызы бар екенiн бiлген жөн. Соңғы жағдай орындалмай, қарыз қайтарымы болмады. Халқымыз судың да сұрауы бар деушi едi. Пайдалы қарыз алу мүмкiндiгi қаржылық утопия қалыптастырып үлгердi. Утопиядан сақтанған дұрыс едi. Утопия шындықтың өзi емес, оның буы ғой. Кезiнде социализм әлеуметтiк утопияны негiзге алып күйресе, англо-саксондық қаржы жүйесi қаражат утопиясына ұрынып, әлем халықтарына ауыртпашылық әкелiп отыр. Солай болғанымен, дағдарыс iзденiс заманы демекпiн, ол көп нәрсеге көзiмiздi ашпақ.

      Бiз шын мәнiсiнде социализмнiң ғана күйреуiнiң куәгерi болып қоймай, капиталистiк әлемнiң күйреуiнiң де куәгерi болып отырмыз. Аналитиктердiң айтуынша, қазiргi әлемдiк қаржы дағдарысы капитализмнiң англо-саксондық түрiнiң дағдарысы деуде. Мен де осындай пiкiр жағындамын. Социализмнiң күйреуiмен қатар капитализмнiң iргесi сөгiле бастады, ендi үлгi боларлық қоғамның жаңа түрiн анықтау қажеттiлiкке айналуы әбден мүмкiн. Басылым беттерiнде америкалық қаржы орталықтары Қытай Халық Республикасынан көмек сұрауда, кейбiр америкалық банктердi қытайлар сатып алмақ. Бұл нендей жағдайдың белгiсi? Демек, қаржы дағдарысынан шығуда бiреулерге иек арту мүмкiн емес, мәселе, әркiмнiң өзiнш

Скачать книгу