Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 2
Бiлiм беру жүйесi қандай деңгейде дегенде айтылатын мәселелер – мектептердiң материалдық-техникалық базасының тапшылығы. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ақпаратында ауылдық мектептерде 20 оқушыға 1 компьютерден келедi делiнген, мектептердiң 28 пайызында ғана лингофондық мультимедиялық кабинеттер бар. Мұндай мүмкiндiкпен ақпараттық қоғам жағдайында жүйелi, сапалы бiлiм беру деңгейi мүмкiн бе деген сауал туындайды.
Үкiмет басшысы Парламент мәжiлiсi алдында есеп берген сөзiнде «он екi жылдыққа көшу кемiнде бiр жылға шегерiлдi», – дедi. Алайда республика бойынша 104 мектеп 2003 жылдан берi он екi жылдық жүйеге өту тәжiрибелiк сынағынан өтiп келедi. Он екi жылдық оқу жүйесiне өтуге шегерiлудiң осындай объективтiк жағдайлары бар. Мұның бәрiн ретке келтiруге қанша мерзiм, қаншама қаражат керек, бәрi анықталып, белгiленiп ұсынысқа айналуы керек. Сондықтан он екi жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу процесi әлi де бiрнеше жылға созылуы мүмкiн.
Мектептер сапасы жоғарыда айтылғандай болса, мұғалiмдер сапасы дегенде екi мәселе бой көр-сетуде. Бiрiншi мәселе – мұғалiмдердiң жетiспеушiлiгi, оның себептерi де айқын, мұғалiмдiк мамандық жастарды қызықтырмайды, жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен олар өзге қызметтерге кетiп қалуда. Бүгiнде 20 сағаттық кестемен қызмет ететiн мұғалiмдер жалақысы 37000 шамасында. Бұл жалақы жас маманның күн көрiсiне жетпейдi. Сондықтан сапалы бiлiмдi, прагматикалық ойлау жүйесiндегi және iскер жастар мұғалiмдiк қызметке жоламайды. Мұғалiмдiк қызметтiң қиыншылығын ескерген АҚШ-та бұл мамандық иелерiнiң жалақылары банк қызметкерлерiнен анағұрлым жоғары, ал бiзде әлi керiсiнше. Екiншi мәселе, бүгiнгi күндегi республикадағы педагогикалық институттар және өзге университеттер жаңа буын педагогтар даярлау iсiне шындап кiрiскен жоқ. Ол туралы Президент Қазақ ұлттық университеттерiнiң ректорларын 21 сәуiрде қабылдағанда педагогикалық жоғары оқу орындары, әсiресе Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетi ұжымының алдына нақтылы мiндет қойды. Ол – жаңа тұрпаттағы педагог мамандар даярлау зәрулiгi. Шынында да, педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспары кеңестiк замандағы жағдайдан ұзап iлгерi кетпеген. Сондықтан жаңа тұрпатты мектептерге қандай мұғалiмдер қажет деген мәселенiң жаңа парадигмасы жасалуы керек-ақ. Әзiрше қоғам ондай реформаторлық ұсыныстарды бiлмейдi. Он екi жылдық бiлiм беру саласында жұмыс iстейтiн мұғалiмдер тұлғасы мүлдем басқа болуы түсiнiктi. Олай болса, оларды даярлау технологиясы да өзгеше болмақ. Кей-кейде сын тек мектепке қатысты ғана айтылуда, бұл терiс пiкiр, мектептiң жағдайын шұғыл түрде реттеу үшiн оған бiлiктi он екi жылдық бiлiм беруге қабiлеттi мұғалiмдер қауымын даярлау мәселесi бiрiншi орынға шығуы табиғи жағдай.
Сонымен бiрге ұстаздар қауымы, мұғалiмдер, негiзiнен, консервативтiк орта екенiн де еске алуымыз керек. Олардың солай болатыны кәсiбiне байланысты. Себебi мектеп деңгейiнде бiлiм алушыларға сұрыпталған, анықталған, тәжiрибеде нақтыланған бiлiм деңгейi берiледi. Бiлiмдi осылай беру үрдiсi