Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 11

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова

Скачать книгу

келгендігінің алғашқы ашық және шынайы көрінісі болды және моңғолдардың әскери қимылдарына жалпы сипаттама берді.

      Юань империясы еуропалық, христиандық елдермен қарым-қатынас жасауға үлкен мән берді және мұнда барлау істері бірінші кезекке қойылды. Моңғолдардың Қытайдағы үстемдігі кезінде ол жерде бірқатар еуропалық миссионерлер мен саудагерлер, солардың ішінде: Марко Поло, Джовани Монтекорвино, Пеьтро Лупалонго, Кельннен Арнольд, Ордорико Порденоне, Джовани Мариньолли және тағы басқалары болды.

      XIII ғасырдың қырқыншы жылдарында Батыс Еуропадан Орталық Азияға моңғол хандарының ордасына миссиялар жіберіледі. Елшілер ресми түрде дипломатиялық және діни қызметтермен келгенмен, шын мәнінде барлау жұмыстарын атқару керек болды. Азия халықтарымен байланыс орнатуда үлкен ептілікті Рим Папасы Иннокентий IV және француз королі Людовик ҚасиеттіIX көрсетеді.

      Ханбалықтағы император тұрағы бейнеленген Қытайдың ортағасырлық картасы

      Бұл мәселені, хронологиялық жүйеде қарайтын болсақ ең алғашқы миссияны францискандық-минориттер орденінің іскері, сол орденнің негізін салушы Франциск Ассизскийдің досы, дін таратушы және шебер дипломат Плано Карпини басқарды. Ол Испанияда, Германияда және Ватиканда жоғарғы шіркеулік қызметтер атқарды, туған жері Маджионе (қазіргі аты) қалашығы, латынша аты Плано Карпини (1185-1252 ж.). Миссияның құрамына одан басқа тағы екі монах-францискандықтар: Польшадан Бенедикт және Богемиядан Стефан кіреді. Плано Карпини өз саяхатын бастағанда шамамен 60 жаста еді.

      Өзінің досы, монах Иорданның айтуынша, ол жүрегі ашық адам болған. Сонымен қатар өте өнерлі дипломат болғандығы айтылады. Саяхатының соңында, Лионға оралғаннан кейін (1247 жылы 18 қараша), папа Иннокентий IV-ке есебін жазып болып (бұл есеп бүкіл әлемге «Libellus Historicus» – «Тарихи шығармалар» деген атпен танымал болады), Плано Карпини папаның жасырын тапсырмасымен Людовик IX-ға жіберіледі. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін, оған Далматиядағы Антивари қаласының архиепископы деген қызмет орны беріледі. Папа басшылыққа Плано Карпиниді қойып жіберген францискандықтар Қарақорымға солтүстіктегі жолмен жүріп отырған. Олар сол 1245 жылы Лион қаласынан шығып, Альпіден өтіп, Орталық Еуропа және Орыс жерлері арқылы, Волганың төменгі жағына жеткен. Бұл кезде онда Алтын орда ханы Батыйдың тұрағы Сарай қаласы болған еді. Плано Карпини Киевтен үшінші ақпан күні шығып, Құйық ханның тұрағына 22 шілдеде жетеді, яғни Днепрдан Моңғолияның орталығына дейінгі аралыққа бес жарым ай кетеді. Егер ағайынды Пололардың Қытай саяхатына кетірген бір жарым жылын еске түсірсек, бұл көп уақыт емес. Плано Карпинидің түсіндіруінше, мұндай асыққан себептері, құрылтайға жеткісі келген, ол жерде Үгедейдің баласы Ұлы хан етіп жарияланатын еді. Жол бойында монахтар моңғолдар және олар жаулап алған елдер жөнінде мәліметтер жинап отырған. Плано Карпинидің мәліметтері бойынша

Скачать книгу