Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 14

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова

Скачать книгу

Арагоннан шыққан францискандық Доменик, доминикандық француз Лонжюмо, итальяндық Асцелин. 1245 жылы оларды Рим папасы Лионнан Плано Карпинидің миссиясы шыққан уақытпен қатар жіберді, олардың міндеті Алдыңғы Азиядағы моңғолдардың әскербасшыларымен байланысқа түсіп, «татарлардың короліне» папаның жолдамасын беру еді. Бірақ, олар тек Сирия, Ирак, Әзірбайжанға жетіп, 1247-1248 жылдары қайта оралды. Домениктің миссиясы жөнінде ешқандай хабарлар жоқ, болжамдар бойынша, ол моңғолдармен тіпті, кездеспеген де болу керек, Андре де Лонжюмо Әзербайжанның басты қаласы Тебризге жеткеннен кейін, Үгедей хан 1235 жылы оны моңғол иеліктерінде барлық несториандардың бастығы етіп қойған.

      Өнерлі және өте сауатты дипломат, көп жылдар бойы Палестина мен Сирия кресшілерінің қожалығында өмір сүрген, араб және парсы тілін білетін, бірнеше рет Рим папасы мен Людовик IX тапсырмаларын бұлжытпай орындаған Андре де Лонжюмо Лионға Таяу Шығыстағы жағдай туралы құнды мәліметтер әкеледі, бұл хабарлар кейін жалпылама түрде, Матье Парижскийдің «Historia Magon Anqliae» хроникасына кіреді. Бұл елшіліктің ерекшелігі, оның құрамының көп болуында еді, жеті адам және Лонжюмомен оның жолаушылары Плано Карпини мен Бенедикттен кейін Орталық Азияға қадам басқан еуропалықтар болды. Бірақ,И.П. Магидович айтқандай, олар Қарақорымға жеткен жоқ.

      Асцелиннің екі жылдан аса уақытқа созылған Франциядан, Жерорта теңізі, Палестина, Сирия, Иран, Грузия және Армения арқылы 1242-1256 жылдар арасындағы Закавказьедегі және Солтүстік Ирандағы моңғол әскерлерінің қолбасшысы Байжу-ноянның жазғы тұрағына саяхатының тарихы, қасындағы жолаушысы доминикандық – Қасиетті Квентин аббадтығынан шыққан Симонның суреттемелерінен белгілі. Оның суреттемелерінің көп бөлігі Бовэдан шыққан Винцентаның «Spculum Magus» энциклопедиясының тарихи томына кірген.

      Асцелиннің миссиясы оқыс аяқтала жаздайды. Дөрекі Асцелин Байжудың тұрағында өзін жағымсыз ұстайды: «отпен тазарту» дәстүрінен өткісі келмей: «мені варварлардың алдында бас ию үшін емес, күнәлары мен зұлымдықтары үшін жауапқа тартуға жіберді», – дейді. Моңғол қолбасшысы мен айналасындағылар қатты ызаға бұлығады. «Сен бізден христиан болуды, яғни өзің және сенің жолаушыларың сияқты ит болуды талап етесің! Сенің римдік папаң ит емес пе және сендер, христиандар өздерің ит емессіңдер ме?», – деп нояндардың біреуі айқай салады.

      Асцелинге өлім жазасының қаупі төніп, Қарақорымнан шыққан жоғарғы эмиссардың бұл іске кірісуі ғана оны аман сақтап қалады. Бұл эмиссар көп ұзамай Закавказьенің және Солтүстік Иранның әмірі болып сайланып, Бағдаттың халифына қарсы жорық дайындайды, сондықтан папа мен кресшілерден қолдау тапқысы келген. 1248 жылы қарашада елшілік Лионға оралып, Грузия мен Армениядағы жағдай жөнінде жаңа мәліметтер Байжудың Иннокентий IV-ке жазған хатын және Құйық ханның барлық еуропалық мемлекеттерге эдиктін алып келеді.

      Доминикандықтармен бірге Лионға Байжу-ноянның елшілері де келеді Айбег және Сергиз Батыс Еуропаға

Скачать книгу