Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 11

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

ұшыру болды. Нәтижесінде экономиканың өсу қарқыны баяулап дағдарысты жағдай қалыптасты. Экономикада бұрындары қол жеткізілген табыстар көптеген көрсеткіштер бойынша төмендеді. Ендігі жерде экономикалық өсім бойынша Сеул алға шыға бастады.

      XX ғасырдың 70 жылдарының соңы мен 80 жылдарының бас кезінде Солтүстік Корея экономикасындағы қиын жағдай жалғаса берді. Ауыр өндірісті дамыту туралы кеудемсоқтық жоспарлар экономика мен халықтың іс жүзіндегі сұранысын есепке алмады. Экономиканы жоспарлаудағы субъективті шешім қабылдау мен «алыпшылдық» халық бұқарасының ынталы еңбегі мен құлшынысын зая кетірді. Түптеп келгенде елдің саяси басшылығының бұндай қателіктері өмір сүру деңгейін жақсартуға кедергі келтірді. хх ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысындағы КХДРдың ішкі саяси өміріндегі сипатты белгісі – Ким Ир Сеннің жеке басына табынудың күшейе түскендігі болды. Осы кезде оның үлкен ұлы Ким Чен Ир партиялық және мемлекеттік қызметке ұсыныла бастады. 1980 жылдың бас кезінде өзінің үлесіне тиген құқық пен өкілеттіктер бойынша ким Чен Ир партия-мемлекеттік иерархияда елдегі екінші лауазымды тұлғаға айналды.

      КХДР-дың ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі халықаралық жағдайы (1980-2000). КСРО-ның дезинтеграциялануына алып келген үрдістер өзге де социалистік лагерь елдерінің, соның ішінде КХДР-дың қоғамдық өмірінің барлық саласына теріс әсерін тигізді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде орын алған 1989 жылғы «бархат революциялары» КСРО-ның геосаяси және геоэкономикалық жағдайын нашарлатып, ықпал ету ауқымын тарылтты. Бұл КСРО-ның КХДР, Вьетнам, Куба сияқты социалистік елдермен қатынасының сипатының өзгеруіне және кейіннен мүлдем үзілуіне алып келді. КСРО ұзақ жылдар бойы КХДР экономикасының басты демеушісі бола отырып бұл елге орасан-зор экономикалық қаржылай көмек көрсеткен болатын. КСРО-мен қатынастардың үзілуі, КХДР экономикасындағы көптеген салаларда тоқыраудың басталуына алып келді. Бірақ сол кезде социалистік елдердің Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастар орнатуы КХДР саяси жетекшілігінің қатты наразылығын тудырды. Пхеньян социалистік лагерь елдерінің бірқатарымен қатынастарын үзді. Сондықтан КХДР саяси жетекшілігі үшін халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа әріптестер табу кезек күттірмейтін мәселе болды.

      Бұл мәселені шешуге Солтүстік Корея 1988 жылдан бастап кіріскен болатын. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті Солтүстік Кореядағы өмір сүріп отырған құрылысты сақтап, оны өзгеріске ұшырап жатқан сыртқы жағдайға ыңғайлау болды. Себебі экономикалық дағдарысты жағдайдың шешілмеуі елде наразылық көңіл-күйдің туындауына алып келуі мүмкін еді. 1994 жылдың шілдесінде Ким Ир Сеннің қайтыс болуы және елдегі билік тармақтарының оның ұлы Ким Чен Ирдың қолына өтуі Солтүстік кореяда 40 жыл бойы құрылған партиялық-мемлекеттік жүйенің беріктігін көрсетті. Бірақ бұл жүйе хх ғасырдың 90 жылдарының екінші жартысынан осы күнге дейін елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық

Скачать книгу