Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 9

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

және осы мақсатқа жетудің шешімді жолдарын бірлесе іздестіру жөнінде іс жүзінде келісімге келуінен көрініс берді. Сонда да болса тараптар арасында бірқатар әлеуметтік және саяси сипаты бар алауыздық сақталып қалды. Қоғамдағы өзгерістерді асыға күткен халық үшін Чон Ду Хванның 1987 жылдың 13 сәуіріндегі конституцияға өзгерістер тек Олимпиада ойындары өткен соң ғана енгізіледі деген мәлімдемесі күтпеген жағдай болды. Елде наразылық көңіл-күй күшейе түсті. Бұндай шиеленісті жағдайдың қызуын ДӘП төрағасы Ро Дэ Удың (ол осы уақытқа дейін әскери қызметтен кеткен болатын) 29 шілдедегі қогамды демократияландыру туралы декларациясы біршама бәсеңдетті. Аталмыш декларация тікелей президенттік сайлауларды ұйымдастыру үшін конституцияны таяу арада қайта қарауға, сондай-ақ сайлаулардың әділ өткізілуін қамтамасыз ету үшін сайлау туралы заңға өзгерістер енгізуге шақырды.

      Ро дэ Удың ұсынысын қоғамдағы әлеуметтік тыныштық үшін өзінің бұрынғы ниетінен бас тартқан Чон ду хван қолдады. Жаңа конституция 1987 жылдың 27 қазанындағы ұлттық референдумда қабылданды. Бұл конституция осы кезге дейін әрекет жасауда. Жаңа конституцияға сай президенттік мерзім бес жылға қысқартылып, оның төтенше шараларды қолдану құқығы тарылды. Ұлттық жиналыстың өкілеттігі күшейтілді және сот төрешілерінің мәртебесі нығайтылып, олардың билік институттарынан тәуелсіздігі бекітілді. 1987 жылдың 16 желтоқсанында өткен президенттік сайлауларда Ро дэ У басымдықпен жеңіске жетті. Алғаш рет корея Республикасының тарихында билікті тапсыру бейбіт жолмен жүзеге асты. Елде Алтыншы Республиканың билігі басталды.

      ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі Оңтүстік Кореяның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ро дэ У президент ретінде қоғамды тұрақтандыру мен демократияландыру үшін айтарлықтай күш салды. Ол бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен әскерилердің саясатқа ықпалын шектеп, елдің халықаралық беделін көтеруге талпынды. Атап айтқанда, Шығыс Еуропа, кСРО, Қытай және Вьетнаммен (1990-1992) дипломатиялық қатынастар орнатылды. Сеулды социалистік елдердің мойындауы оған БҰҰ-ға жол ашып берді. Бұл ұйымға корея Республикасы Солтүстік кореямен қатар 1990 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Ро дэ У 1989-1990 жылдар аралығында елде бұрындары енгізілген бірқатар саяси шектеулерді жойды. Осының нәтижесінде жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер өз құқықтары үшін күресуге мүмкіндіктер алды. Олар ең алдымен үкіметтен жалақыны өсіруді талап етті. Нәтижесінде халықтың айтарлықтай бөлігінің табысы өсті. корей Республикасының сыртқы және ішкі саясатындағы табыстар ел ішіндегі әрүрлі саяси күштердің арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымын тарылтты. Ел ішіндегі саяси ахуалдың тұрақтануы демократтық-либеральды партияның (дЛП) құрылуына тиімді жағдай қалыптастырып берді. Аталмыш партияның құрамына фракциялық блок ретінде демократиялық әділет партиясынан өзге (дӘП) ірі екі оппозициялық партия кірді. дЛП парламентте басым көпшілік орынды иемденіп іс жүзінде

Скачать книгу