Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 3

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

Эдиктісін» шығарды. Ол 155 баптан тұрды. Бұл римдіктер мен готтар арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде соттық істерді қарастырады. Теодорихтың тұсында Аблави «Готтардың тарихын» жазды, бірақ бізге дейін жетпеді. Италияның мемлекет қайраткері Аврелий Кассиодордың бірінші шығармасы «Хроника» 519 жылы жазылды. Бұл деректе Теодорихтің шыққан тегі, готтық корольдер туралы айтылады.

      Лангобардтар жайындағы түпдеректер. 568 жылы Италияны жаулап алған лангобардтар құрамында германдық және славяндық тайпалар болды. Оларда қауымдық қатынастар әлі де болса толық қалыптаспады. Заңдардың алғашқы жинағы 653 жылы король Ротаридің тұсында (636-652) жарық көрді. Заңдық жинақ латынша жазылған, арасында герман тіліндегі сөздер де кездеседі. Деректе лангобардтармен қатар готтар, герулдер, гепидтер туралы мәліметтер де бар.

      Франктер жайындағы түпдеректер. V ғасырдың аяғында солтүстік Галлияда пайда болған франктер көп ұзамай бүкіл Рим провинциясын басып алды. Франктер туралы маңызды дерек болып табылатын Григорий Турскийдің «Франктер тарихы» (Historia Francorum). Григорий Турский –538-593 жылдар аралығында өмір сүрген франк жазушысы. Белгілі галло-рим жанұясында дүниеге келген. 573 жылы Тур қаласының епископы дәрежесін алды. Тур сол кездегі Галлияның діни орталығы еді. Турский Сигиберт, Гунтрален, Хильдеберт сияқты корольдердің алдында беделді болған. Сонымен бірге саяси жиналыстарда да маңызды орын алып отырған. «Франк тарихы» – 10 томнан тұратын, рипуар франктері жайлы аса маңызды деректердің бірі. Деректе 498-591 жылдар арасындағы франк қоғамы толықтай суреттеледі.

      Меровингтік дәуірдегі франктердің қоғамдық құрылысын зерттеу үшін маңызды дерек варварлық заңдардың бірі – «Салика заңы». Бұл VІ ғасырдың басында Хлодвигтің тірі кезінде жазылған салий франктерінің соттық әдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретіндегі «Салика заңының» құндылығы франк қоғамының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап феодализмге дейінгі эволюциясын бейнелеп беруінде еді. «Салика заңы» франктердің тұрмысындағы ежелгі тәртіптерді дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан, заң – франк қоғамының Галлияны жаулап алу процесіндегі және соңғы кездеріндегі мүліктік, әлеуметтік теңсіздікті сипаттайтын, жерді мұралану формасының қалай шыққандығын көрсететін маңызды дерек.

      Франк қоғамы туралы келесі маңызды дерек – «Рипуар заңы». Мұнда рипуар франктерінің құқықтары жайлы жазылған. Олар салий франктерінің шығысында, Рейн өзенінің орта ағысында өмір сүрген. Хлодвигтің билігі кезінде олар франк корольдігінің қол астына кіреді. Бұл мәтіннің негізгі бөлігі VІ ғасырға жатады және 32, 64-бөлімдері «Салика заңына» ұқсас.

      Шіркеу туралы деректер. Шіркеудің дамуына үлкен үлес қосқан Аврелий Августин. Негізгі еңбегі «Құлшылық ету». Автордың бұл шығармасы оптимистік концепциядағы шығарма болып табылады. Адамның қоғамдағы орны туралы ой қозғайды.

      Августиннің ірі замандасы – Амвросий Медиоланский (340-397). Ойшылдың

Скачать книгу