Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 11

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

балалары бар кірісі төмен отбасыларына көмек көрсетілді. 70-жылдардың бірінші жартысында республикалық әкімшілік ішкі саясатта алға қарай маңызды қадамдар жасады.

      Р. Никсон үкіметінің сыртқы саясаты. 70-жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында маңызды алға жылжулар болды. Республикалық үкімет өзінің қызметінің бірінші күнінен бастап басты міндеттердің бірі ретінде халықтың наразылығын туғызған Вьетнамдағы соғыс туралы мәселені қарастырды.

      Никсон сыртқы саясатында келіссөздер жүргізуге көп көңіл бөлді. Дегенмен Никсон үкіметі басқыншылық бағыттан бірден бас тарта алмады. 1970–1971 жылдары ол Үндіқытайдағы соғыс көлемін кеңейтті. АҚШ Боливия, Чили, Перу, Панама, Аргентина үкіметтеріне қарсы іс-әрекеттер ұйымдастырды, Пәкістанның реакциялық күштерін жақтады, Бенгалиядағы азаттық күреске қарсы болды және бенгал халқына көмек көрсеткен Үндістанға қарсы болды. Таяу Шығыста Құрама Штаттар бұрынғыдай Израильге көмек көрсетіп, Араб мемлекеттеріне қарсы басқыншылық қозғалыстарына қолдау көрсетіп отырды.

      Алайда америкалық халық пен бейбітсүйгіш күштер АҚШ-тың басқыншылық қозғалыстарының тоқтатылуын талап етті. Осыған байланысты Никсон 1972 жылы Үндіқытайдағы әскер санын 100 мың адамға дейін қысқартуға мәжбүр болды. 1973 жылдың 27 қаңтарында Никсон үкіметі Вьетнамдағы соғысты тоқтату жөнінде келісімге қол қойды, ал 1975 жылдың сәуір айында америкалық әскер Вьетнам аумағынан шығарылатын болды. 1973–1974 жылдар КСРО мен АҚШ арасындағы келіссөздер нәтижесінде жаңа маңызды құжаттарға қол қойылды.

      Құрама Штаттарының Кеңестер Одағына қатысты сыртқы саясатында да жаңа бетбұрыстар болып жатты. 1972 жылдың мамыр айында президент Никсон Мәскеуге ресми сапармен келді. Сапар барысында маңызды келісімшарттарға қол қойылды. КСРО мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарының негізі жөніндегі келісімінде екіжақты ынтымақтастықтың бейбіт қатар өмір сүру қағидатына негізделетіндігін ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісіміне және стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу шаралары жөніндегі уақытша келісімге қол қойған болатын. Ал 1973-1974 жылдары ядролық соғысты тоқтату жөніндегі келісіміне және су астында ядролық қару сынақтарын шектеу туралы шартқа қол қойылды. Халықаралық шиеленісті бәсеңдету бағыты мен КСРО мен АҚШ арасындағы әскери қарсыласудың жақсаруы екі держава арасында сауда-экономикалық қатынастардың және ғылыми-мәдени байланыстардың қалыптасуына әкелді.

      1974 жылы 9 тамызда Р. Никсон «Уотергейт жанжалы» үшін президенттік қызметінен кетуге мәжбүр болды. Республикалық партияның өкілі, вице-президент Джеральд Форд президент болып сайланды. Жаңа президент мемлекеттік реттеуді шектеу бағытын ұстанатындығын және әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын федералды шығындарды қысқарту есебінен тез арада бюджетке баланс жасауды, инфляция қарқынын қысқартуды мәлімдейді. Бірақ та жұмыссыздыққа, бағаның өсуіне қарсы жаппай

Скачать книгу