Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 18
Бірақ Саддам Хусейн тәртібі құлатылғаннан кейін де Иракта астыртын соғыс тоқталмады, алғашқы 6 ай ішінде 300-ден астам АҚШ және оның одақтастарының әскери қызметкерлері қаза құрбан болды.
АҚШ-тың Иракқа әскери басып кіруі Батыс елдерінің бірлігін жойды, алауыздық тудырды және америкалық әкімшіліктің әлемдік тәртіптің әділ қағидаттарын ұстанатындығына күмән туғызды. Әскери шапқыншылыққа қарсы шыққан елдер қатарында Франция, Германия, Ресей, Қытай, Үндістан және тағы басқа да мемлекеттер болды. Америкалық басқыншы өкімет Ирак аумағынан жаппай қырып жоятын қару түрін таба алмады және қоршалған аумақта тәртіпті сақтап қала алмады. 2003 жылдың желтоқсанында Саддам Хусейн қамауға алынса да, Ирактағы дүрбелең бәсеңдемеді.
АҚШ-тың Ирактағы соғысы 48 млрд долларға түссе де, мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіру үшін бұл қаражат жеткіліксіз болды. 2003 жылдың күзінде президент Буш Конгреске Ирактағы саяси жоспарды жүзеге асыру үшін тағы 87 млрд доллар бөлуді талап етті. Ал АҚШ-тың 2004 жылғы әскери бюджеті 368 млрд долларды құрады және бұл жағдай мемлекеттегі қаржылық тұрақсыздыққа алып келді және 2003 жылы 400 млрд долларға өскен мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігіне әкеп соқты.
Ирактағы соғыс операциясы аяқталғаннан кейін Буш әкімшілігі осы елдегі жағдайды реттеу барысында өзінен жауапкершіліктің бір бөлігін алып тастауға тырысып, біраз күш салды. 2003 жылдың қазанында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иракта БҰҰ-ның басқаруымен көпұлтық күштердің құрылуы туралы шешім қабылдады және де Ирактағы негізгі қаржы