Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 23
Батыс Еуропа соғыстан кейінгі жылдары жаңа бірігу, кірігу жолын таңдайды. 50-жылдары Батыс Германия сондай-ақ өзінің ата жауы деп есептеп келген Француз мемлекетімен де қарым-қатынасын жақсарта бастайды. Олар Француз-батыс герман одағына ұмтылады. Осы жолда олар ЕКББ, кейін ЕЭҚ көлемінде ұйымдаса отырып, 1963 жылы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елисей келісімшартына қол қояды.
60-жылдардың басында АҚШ-тың үкімет басына Джон Ф. Кеннеди келгеннен кейін де олар өзінің Батыс Германияға қатысты саясатын ұстанатындығын (1961 ж. 25 шілдеде), Батыс Берлин қауіпсіздігіне, батыс мемлекеттерінің осы елде қалатындығына кепілдік жасайтындығын мәлімдейді. Бірақ 1961 жылдың 13 тамызында Берлин қабырғасын тұрғызу кезінде, олардың қарсылығы дипломатиялық қарсылықтан аспады. Мәскеу Шығыс Германияны қоршауға алды, осы Берлин қабырғасы салынғанға дейін 1961 жылдың шілде айында ғана Шығыстан Батысқа 30000 адам мекенжайын ауыстыру мақсатында өтіп кеткен болатын.
Халықаралық қатынаста алға жылжу мақсатында 60-жылдардың ішінде Батыс Германия Шығыс Еуропа елдерімен де қатынасын жақсартуға талпынады. ГФР «Хальштейн доктринасынан» бас тартпай-ақ, экономикалық тұрғыдан Бухаресте және Будапеште сауда өкілдіктерін ашады. «Хальштейн доктринасы» – 1949-1969 жылдары Батыс Германияның Шығыс Германияны тәуелсіз ел ретінде мойындамауы жөніндегі саяси бағыты. 1958 жылға дейін В.Хальштейн ГФР СІМ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. «Хальштейн доктринасының» негізі «бүкіл Германияның атынан» өзін көрсетуші және «герман халқының бірден-бір өкілі» рөлін атқарған ГФР үкіметінің талабымен үйлеседі.
1969 жылдың 5 наурызында – федералды президент Густав Хайнеман (СДПГ өкілі) болды, ол тіпті, Аденауэрдың тұсында Шығыс пен Батыстың өзара түсіністігін жақтаған болатын. Вилли Брандт (шын аты – Герберт Фрам). 1969 жылдан 1974 жылға дейін Федералды канцлер болды.Ол қоғамды дамытудың ең тиімді жолы ретінде әлеуметтік реформаларды қарастырады.
Жүргізілген сайлау реформасы бойынша 18 жасқа толған жастар сайлауға қатыса алатын болды. 1972 жылы өткен сайлауда жас сайлаушылардың 55 пайызы ГСДП-ға дауыс берген. Сонымен қатар, В.Брандт үкіметі жоғары білім жүйесін реформалауды да қолға ала бастады. Себебі үкімет ГФР-дің АҚШ, Жапония және тағы басқа елдердің жоғары оқу орындарының деңгейінен қалып қалмауын көздеді. 1969-1971 жылдары стипендиямен қамтамасыз ету, ақысыз білім алу, академиялық дәрежелерді қорғауға үлес қосу жөнінде Федералды заңдар қабылданған болатын. Нәтижесінде студенттер саны екі есеге өсті, 1972 жылы олардың саны 600 мың адамды құрады. Бірқатар жаңа университеттер ашылды, білім беру жүйесіне қаражат бөліне бастады. 1970 жылы білім беру жүйесіне шыққан шығын көлемі 30 млрд марканы құраған.
Брандт үкіметі әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды да кең көлемде кеңейтті.