Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 25
Шмидт халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөздерді бастау үшін бітістіруші ретінде болғысы келді. Батысгермандық дипломатия 1981 жылы Женевадағы кеңес-америкалық келіссөздерінің бастамасын қолдады. Шмидт үкіметі 70-жылдардың ІІ жартысы бойына мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтай алды. 1976 жылы және 1980 жылы өткен парламенттік сайлаулар социал-либерал коалициясының жеңісімен аяқталды. ГСДП ең танымал партия болып қала берді. Оның төрағалық қызметін бұрынғыша атқарып келген Вилли Брандт 1976 жылы Социалистік Интернационал президенті болды. ЕДП беделі одан әрі беки түсті. Еркін демократтар 1976 жылы сайлау кезінде 7,9 % дауыс жинап, 39 мандат алса, 1980 жылы сайлауда 10,3 % дауысқа ие болып, 52 мандат ЕДП еншісіне тиді. Бірақ партияның өз ішнде бөліну пайда болды. Оның сол қанаты ГСДП-пен одақтасуды қолдады.
ХДО-ХӘО блогы парламенттегі ең көлемді партиялық фракцияны құрады. 1976 жылғы жеңілістен кейін (ХДО -38 % дауыс, 190 мандат, ХӘО – 10,6 % дауыс, 53 мандат) коалиция өз тарихындағы ең қиын дағдарысты бастан кешірді. 1973 жылы қарашада Гамбургтегі съезде сайланған ХДО жаңа төрағасы Гельмут Коль партияның идеологиялық платформасын жетілдіруді бастады.
Саяси жағдай социал-либералды коалицияның сақталуына жағдай жасады. Бірақ 1980–1982 жылдары үкімет жағдайы кенеттен қиындай түсті. Жұмыссыздық көбейіп, бюджет дефициті екі есеге өсті. Соғыстан кейінгі кезеңде Батыс Германияда алғаш рет өнеркәсіп және қаржы компанияларының дағдарысқа ұшырауы етек алды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы қатаң шараларды орындауға тырысуы ЕДП, коалиция қатарының бөлшектенуіне әкелді.
1982 жылдың 17 қыркүйек күні НДП социал-демократтармен коалицияны таратуды жариялап, 1 қазан күні Шмидтке сенімсіздік білдіруді қолдап шықты. Жаңа канцлер Гельмут Коль болды.
Г. Коль парламенттегі позицияларын бекіту мақсатында Бундестагты таратып, кезектен тыс сайлау өткізді. 1983 жылдың 6 наурыз күні өткен бұл сайлау жаңа билеуші коалицияға жеңіс әкелді. ХДО 32,2 % дауыс, 192 мандат алса, ХӘО 10,6 % дауыс пен 52 мандатқа ие болды. ЕДП 7 % дауыс алып, 34 мандат иеленді. ГСДП сайлаушылардың 38,2 % дауысына ие болып, 193 депутаттан тұратын ең үлкен партиялық фракция құрды.
Жаңаланған христиан-демократиялық қозғалысының басымдылығы барлық онжылдық бойында айқын көрінді. 1984 жылы ГФР президенті болып ХДО басшысы Рихард фон Вайцзеккер сайланды. 1987 жылы парламенттік сайлауда ХДО/ХӘО блогының