.

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 27

Автор:
Жанр:
Серия:
Издательство:
 -

Скачать книгу

12 қарашада келіссөзге қатысушылар «2+4» формуласымен соғыстан кейінгі Германияның құқықтық мәртебесін айқындаған «Германияға қатысты соңғы реттеу туралы келісімшартқа» қол қойылды. Германияның соғыстан кейінгі аумақтарының мызғымастығы, ГФР-дың жаппай қырып-жою қаруын иелену мен шығаруға тыйым салу жөнінде айтылды. Келісімшартқа сәйкес Германия өз әскери күштерін келісілген талапқа дейін қысқарту және барлық талаптарды орындауы керек болды. 1994 жылға дейін Шығыс Германия аумағындағы кеңес әскерінің қалуы мен оларды шығару тәртібі де реттелді.

      Екі неміс мемлекетінің бірігуінің халықаралық мәселелерін реттеуге дейін-ақ екі елдің интеграциялық үрдісі басталып кетті. 1990 жылдың мамыр айында ГДР мен ГФР үкіметтері экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақтастық туралы келісімшартты бекітіп, ол 1 шілдеде өз күшіне енді. 22 тамызда ГДР Халық палатасы ГФР сайлау құқығының негізінде жалпы германдық сайлауды өткізу жөніндегі заңды қабылдады. 31 тамызда ГФР-дің негізгі заңының 23-бабына сәйкес 1990 жылдың 3 қазанында Германияны біріктіру жөнінде келісімге қол қойылды. Яғни бұл ГДР-дің мемлекеттік құрылымының жойылуын, оның құрамындағы өлкелердің ГФР-ға қосылуы, оның аумағында Батыс Германия заңдары күшінің таралуын білдірді. 1990 жылдың 3 қазан күні ГДР атты мемлекет атауы өмір сүруін тоқтатты.

      Қазан айының ортасында Шығыс Германияның әкімшілік жүйесі батысгермандық жүйемен бірікті және өлке ландтагтарына сайлау 14 қазанда болды. Бранденбургте социал-демократтар жеңіске жетсе, қалған 4 өлкеде христандық демократтар жеңіске жетті. 2 желтоқсанда Германияның барлық аумағында Бундестагқа сайлау болып өтті. ХДО 36,7 % дауыс пен 268 мандат алды, ХӘО 7,1 % дауыс пен 51 мандат, НДП 11 % дауыс пен 79 мандат алды. Ал ГСДП 33,5 % дауыс пен 239 мандатқа ие болды. СПД-ны 2,4 % сайлаушы қолдады, бірақ парламент құрамына олардың 17 депутаты кірді. 8 депутаттық фракцияны «жасылдар» 1,2 % дауыспен сақтап қалды. 1990 жылдың 20 желтоқсанында Бундестагтың Құрылтай жиналысында канцлер Г. Коль басқарған жалпыгермандық алғашқы үкімет құрылды.

      Біріккен Германияның саяси, әлеуметтік экономикалық дамуы. Германияның бірігуі елдің халықаралық жағдайын бекітті. Бірақ әлемдік саясат жүйесіндегі жаңа рөл Германияға тек артықшылықтар ғана беріп қоймай, сонымен бірге ұлы державаның саяси, қаржылық жүгі артты. 1990 жылдың қаңтарында Г. Коль ГФР-де халықаралық мәселелер, қақтығыстарды реттеу мен шешуден тыс қалу мүмкіндігі жоқ екендігін мәлімдеді. Шын мәнінде, ГФР әскери доктринасын түбірімен өзгерту қажеттілігі туындаған болатын. Әскери күштер қайта құрылды. Бундесвер құрамында 54 мың адамға жететін «дағдарыс жағдайларына жауап беруші күштер» пайда болды. Жаңа жағдайдағы бундесвердің алғашқы сынағы Босния мен Герцеговина бейбіт іс-қимылдарына қатысу болды.

      ГФР-дың НАТО-дағы саяси мәртебесінің өзгеруін оның одақтастары қолдады. АҚШ президенті Дж. Буш үлкені ГФР-ды солтүстік-атлантикалық альянстың жетекші құрамына қатыстыруды аңғартқан және «тең құқылы көшбасшылық» идеясын

Скачать книгу