Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 3
– Иасауи сәулет кешені;
– Яссы Түркістан қалашығы;
– Тамғалы петроглиф кешені;
– Мерке зиярат орны;
– Беғазы-Дәндібай, Тасмола қорғандары;
– Ешкіөлмес петроглифтері;
– Арпаөзен петроглифтері;
– Кдратау геоморфологиялық кешені;
– Отырар ескерткіштері;
– Ұлытау тарихи-мәдени ландшафты кіргізілді.
Қазіргі уақытта Казақстанда тарихи, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескеркіштері 25000 астам, 11000 кітапхана, 215 мұрағат, 161 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай ел игілігіне қызмет етуде.
«Мәдени мұра» бірінші стратегиялық жоба аясында 40 археологиялық және 26 ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Қытай, Түркия, Монқолия, Ресей, Жапония, АҚШ және Еуропа елдеріне жасалған ғылыми іздестіру экспедицияларының нәтижесінде елімізге 5 мыннан астам тарих, этнография, өнерге қатысты аса құнды мұрағаттық құжаттардың қайтарылуы ұлт тарихындағы «ақтандақтардың» орнын толтыру ісіне зор серпін берді.
«Жылжымалы мәдени құндылықтар» термині кең мағынасында ЮНЕСКО-ның тыйым салынған және ескертілген заңсыз мәдени құндылықтарды шығару мен оларды қайтару жөніндегі құжаттарда қолданылады.
Археологиялық құндылықтар мәдени және табиғи құндылықтардың құрамдас бөлігі ретінде жеке категорияға бөлінеді. Археологиялық құндылықтарға жылжымалы және жылжымайтын материалдық мәдениеттер жатады. Зерттеу үшін археологиялық ғылымда қолданылатын арнайы әдістерді қолданады.
1.2. Қылмыстық-құқықтық аспект
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «тарихимәдени құндылықтар» нақты заңды түсінік. Тарихи-мәдени құндылықтарға тек мәдени заттар ғана, яғни мемлекеттік тіркеуге алынған және мемлекеттік тізімдегі заттар (жылжымалы тарихи және мәдени ескерткіштер) кіреді.
Ғасырлар тезінен өткен сол мол мұраларымыз маңыздыларының санатындағы еліміздің өткен тарихынан сыр шертетін археологиялық ескерткіштері еліміздің мәдени құндылықтарының бағалауға лайықты қомақты бір бөлігі болып саналады. Ал осы ескерткіштерді қорғау және сақтау мәселесі дәл қазіргі таңда қандай дәрежеде? Бұл мәселеде ауызға толтырып айтатындай қандай шаралар іске асуда?
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1917 жылы жерге деген жекеменшіктің жойылуы негізінде археологиялық құндылықтарды қорғау жалпымемлекеттік деңгейде бағыт алғанымен, алайда археологиялық ескерткіштерді қорғау жүйесі нақты бір бұлтартпас нәтиже беретіндей жолға қойылмады. Тарих және архитектуралық ескерткіштерге қарағанда, археологиялық құндылықтарымызды қорғау мемлекеттік археологиялық қорғау қызметі құрылмағандықтан, әрі оны қорғау туралы нақты заңдастырылған