Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 4

Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова

Скачать книгу

еркін (мінсіз) бәсекелестік жағдайында тиімдірек жүзеге асырылатынын есте ұстау керек. Экономикада болатын жалпы тепе-теңдік жағдай монополизмнен тәуелсіз, бағаның сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне сәйкес тез және иілімді өзгеруі, салааралық бәсекелестік нәтижесінде капитал мен жұмыс күшінің ауысуы жағдайында сақталады. Әлбетте, бұл жағдайда экономиканың жалпы тепе-теңдігін бұзбайтын экономикалық саясаттағы және экономиканы мемлекеттік реттеудегі қателердің, әлеуметтік және табиғи сілкіністер сияқты құбылыстардың болмауы керек.

      Кейінгі зерттеулер былай деп көрсетті: жалпы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласудың болмауы жағдайындағы жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.

      Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы керек. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа әсер етуге қолданылуы тиіс.

      Неоклассиктердің пікірінше, ақша нарығында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайды. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болуы керек. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады.

      Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігін неоклассиктер ақша нарығы кепілдендіреді деп есептейді. Тұтынушылар, егер оларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, жинақтау жүргізеді және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Аталмыш пайызды жинақталған ақшаны өндірістің дамуына пайдаланатын инвестор-кәсіпкерлер төлейтін болады.

      Егер де жалпы шығындар азаятын болса, нарықтық экономика, неоклассиктердің пікірінше, өндіріс пен толық жұмыспен қамтудың қажетті көлемін қамтамасыз ете алады. Егер жинақ қорының көлемі инвестициядан жоғары болатын болса, өнімге жұмсалатын жалпы шығындардың азаюы оған деген бағаның төмендеуіне алып келеді.

      Өнімге сұраныстың төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қоры жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріс пен жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді.

      Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмыс таба алады, яғни жұмыссыздық болмайды.

      Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм (пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы) шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін толық жұмыспен қамтуды

Скачать книгу