Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 6
Ақшаның бейтараптығы «Кембридж әсері» деген атау алған механизммен толықтай дәйектеледі. Бұл әрбір субъект өзі үшін қолма-қол ақшаның (шынайы кассалық қалдық) оптималды деңгейін жоспарлап қояды. Ақша көлемінің қандай да бомасын өзгеруін экономикалық субъектілер шынайы касса қалдықтарының оптималды көлемінің ауытқуы ретінде қабылдайды да, оның оптималды көлемін қалпына келтіруге әрекеттер жасайды.
Шынайы кассаңың өсуі жағдайында артық қолма-қол ақшаны субъектілер игіліктерге (благо) айырбастай бастайды, бұл арқылы тұтынушылық шығындар мен жиынтық сұранысты өсіреді. Ал шынайы кассаның төмендеуі жиынтық сұранысты азайтады.
Толық жұмыспен қамтылу жағдайында табиғи шығару (естественный выпуск) деңгейіне қатысты жиынтық сұраныс қатаң түрде бекітілген болады, сондықтан да жиынтық сұраныстың мүмкін болатын жалғыз реакциясы – бұл баға деңгейінің сәйкес өзгеруі ғана болуы мүмкін. Классикалық концепциядағы баға абсолютті иілімді болады, сондықтан да сұраныстың өзгерүлеріне жиынтық ұсыныс реакциясы лезде жауап береді.
Қазіргі заманғы макроэкономикаға инфляция мен жұмыссыздық тән екенін атап ескере кету керек. Баға мен жалақы динамикалық тұрде болады – төмендеуі де, жоғарылауы да мүмкін. Сондықтан да AS жиынтық ұсынысының ирегі жалпы нарықтық тепе-теңдіктің неоклассикалық және кейнсиандық моделдерінде көрсетілгендей қатаң вертикал және горизонтал жайда болмайды. AS жиынтық ұсынысының шынайы ирегі тұрлі ұдайы өрбіп отыратын өндірістік ситуациялардың үш кесіндісі болады: I горизонтал кесінді (кейнсиандық); III – вертикал кесінді (классикалық); II – жаңадан жоғарылап келе жатқан аралық сипатқа ие кесінді (3-сурет).
3-сурет. Тұрлі үдайы өндіріс жағдайларындағы жиынтық ұсыныс ирегі.
Көріп тұрғанымыздай, AS жиынтық ұсынысының өсуі жағдайында тепе-теңдік шарты жиынтық ұсыныс ирегінің қандай кесіндісінде AD жиынтық сұранысының жаңа ирегімен қиысатынына байланысты болады. Егер де AD жиынтық сұранысы горизонтал I кейнсиандық кесінді шеңберінде өзгеретін болса, онда сұраныстың өсуі жиынтық ұлттық өнімнің шынайы көлемінің өсуіне алып келеді, алайда баға деңгейін өзгертпейді. AD III классикалық кесіндіде өскенде баға көтеріледі, ал жалпы ұлттық өнімнің шынайы өсімі бұрынғы қалпында қалады, бірақ та толық жұмыспен қамту жағдайында өз деңгейінің шеңберінен асып кетуі мүмкін. Егер де AD жиынтық сұранысы II аралық кесіндіде өсетін болса, бұл жалпы ұлттық өнімнің және баға деңгейінің өсуімен қатар жүретін болады.
Ашық экономикадағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін макроэкономикалық саясаттың бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық қуралдары сияқты дәстұрлі тұрлерімен қатар, сыртқы