Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.) - Қ. Жұмағұлов страница 10
V ғасырдың аяғынан VІІІ ғасырдың аяғына дейін Шығыс Еуропа даласында Авар қағанаты өмір сүреді. Аварлар құрған тайпалық одақта негізгі рөлді түркі тілдес тайпалар атқарды, сондықтан негізгі тілі де түрік тілі болды. Аварлар алғашқы еуразиялық болған, ғұн державасы құлағаннан кейін бірнеше түркі тілдес тайпалар ішінен аварлар бөлініп шығады және де оларға шығыстан жужандар келіп қосылып, VІ ғасырдың 60-жылдарында Авар қағанатын құрады. Бұл тайпалық одақтың қағаны Баян болады. Ұлы Қоныс аудару дәуірінде ғұн державасы Еуропа тағдырына, Еуразия тарихында жаңа кезеңге, яғни орта ғасыр өркениетіне өтуге бірден-бір ықпал етсе, ал аварлар осы ғұн дәстүрін, яғни шығыс дәстүрін жалғастырушылар болды. VІ ғасырдың ортасында аварлар ауқымды территорияны жүріп өтіп, Карпат жеріне келеді, олар өздерімен қоса басқа да этникалық топтарды, айталық, Еділ өзені бойынан герандықтарды, оңтүстік орыс даласынан кутригурларды, т.б. ала келеді. Осындай жағдайлардан кейін аварлардың өздері, басынан-ақ таза аварлар болмады, олар этникалық жағынан аралас халық болды.
Түркі халықтарының дәстүріндегідей, аварларда ірі қорғандар тұрғызбаған. Археологиялық материалдарды пайдалансақ, қоныс орындарында шұңқыр, молалардан жылқы малының сүйегі, адамдікінен жеке көмілген, яғни аварлар арасында моңғолойдтық этникалық топтардың болғандығын дәлелдейді. Ал кейбір зираттардан жылқының кейбір мүшелері (тек аяғы мен бас сүйегі) табылған бұл дегеніміз – ирандықтардың жерлеу дәстүрінің белгісі. Молалардан табылған адам бассүйегін қайта қалпына келтіру барысында олардың моңғолойдтық рассаға