Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 20
5. түсінік беру; ~ evidence куәгер ретінде түсінік беру; not to ~ examination мүлдем негізсіз болу; ~ expenses шығынға бату; ~ false witness жалған куәгер болу, жалған түсініктеме беру; ~ market «аюлар нарығы», баға түсетін нарық; ~ interest пайыз келтіру; ~ losses залал шегу; ~ out a statement мәлімдемені қолдау; ~ testimony witness куә болу.
BEARER
құжат иесі; ~ of dispatches ісқағаздарын тасушы; ~ security ұсынушыға арналған бағалы қағаз; tax ~ салық төлеуші.
BEAT
1. район, аудан (АҚШ-тың кейбір оңтүстік штаттарындағы округтың негізгі бөлімшесі); 2. сайлау участогі; 3. полиция патруліндегі аудан; 4. қоршау ұйымдастыру; 5. ұру, жарақаттау, соққыға жығу.
BEATING
ұру, соққы; severe ~ қатыгез соққы.
BED
неке ережелері мен міндеттері.
BEGGAR
қайыршы, бейшара, садақаға күн көретін қайыршы.
BEGGING
қайыршылық.
BEFORE-MENTIONED
жоғарыда айтылған.
BEHALF
1. көмек, жәрдем, қолғабыс, қорған; 2. мүдде, пайда, табыс; for and on ~ of біреу үшін және соның атынан; in ~ of біреудің пайдасы, мүддесі үшін; in this ~ 1. бұл тұрғыда; 2. осы мәселе бойынша; on ~ of біреу үшін; біреудің атынан.
BEHAVIOUR
1. мінез-құлық, тәртіп, жосық; мақам, үлгі; 2. қарым-қатынас, қарай білу; ~ in office қызметіне қарай әрекет істеу, ресми тәртіп; arbitrary ~ жүгенсіздік; bad ~ заңсыз, құқық берілмеген мінез-құлық, жазалауға лайықты мінез-құлық; disruptive ~ сот отырысындағы тәртіпті бұзатын мінез-құлық; evil ~ қастық ниеттегі мінез-құлық.
BEHEST
at ~ үкім бойынша.
BEHOOF
пайда, табыс, мүдде.
BELIEF
ой-пікір, сенім; ~ in good faith and on reasonable grounds адал ниетті, негізделген болжам; fixed ~ теріс пікір; good faith ~ адал ниетті болжам; honest and reasonable ~ адал ниетті, негізделген болжам; mistaken ~ болжам; wrong ~ қателесу.
BELIEVE
шамалау, болжау; ~ сәйкес бағаға сүйене отырып, болжау; ~ reasonably негізді болжау; ~ wrongly қате, жаңсақ болжау.
BELLIGERENCY
1. жанжалдасқан жақтың мәртебесі; 2. соғыс жағдайы.
BELLIGERENT
жанжалдасушы жақ, тарап; accessory ~ қосалқы жанжалдасушы жақ; the ~s қаруланған қақтығысқа қатысушылар; соғыс жағдайындағы мемлекеттер.
BENCH
1. орындық, орын (парламентте, сотта); 2. сот, төрешілер; сот, арбитраж құрамы, сотқа келу; 3. судья, төреші қызметіне тағайындау; 4. судья, төреші қызметінде болу; 5. судья ретінде сотқа қатысу; ~ and the bar төрешілер мен адвокаттар, қорғаушылар; ~ trial алқа билерсіз сот отырысы; ~ warrant сот үкімі; on the ~ сот құрамында болушы, төрелік етуші; sit on the ~ біреуді соттау, біреудің ісін сотта қарау.
BENCHER
барристерді дайындайтын мектептің бастығы
BENEFICIAL
тиімді, пайдалы; mutually ~ өзара тиімді.
BENEFICIARY
1. бенефициар, сенім мүлкіне мүдделі тұлға, пайда табушы, кіріс, пайда, жеңілдік алушы адам; 2. шіркеудегі дін қызметшісі; ~ under the will өсиет бойынша бенефициарий; designated ~ өсиетте аты көрсетілген бенефициарий; heir ~ өсиет борышына, қарызына, оның құны