Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 9

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов

Скачать книгу

үстемелеу, қолдану, қосымша, үстеме; 2. тіркеу (құжатқа);

      3. қоса тіркеу; құрамға енгізу.

      ANNEXATION

      қосу, біріктіру; құрамға енгізу.

      ANNEXED TO THE FREEHOLD

      фригольдқа (жылжымайтын мүлікті шектеусіз иелену құқығы) енгізілген жылжымайтын мүлік.

      ANNEXED TO THE REALTY

      жылжымайтын мүлікке енгізілген, қосылған жылжитын мүлік.

      ANNUAL

      жылдық, жыл сайын; ~ value жылдық кіріс.

      ANNUITANT

      аннуитент; жыл сайын аннуитент, рента алушы адам.

      ANNUITY

      1. шартпен, өсиетпен немесе басқа бір актімен белгіленген, жыл сайын төленетін төлем, аннуитет; 2. аннуитет алу үшін талап қою; ~ for maintenance тіршілікті қамтамасыз етуге арналған аннуитет; life ~ өмірлік зейнетақы.

      ANNUL

      күшін жою, жарамсыз деп тану.

      ANNULMENT

      1. күшін жою, жарамсыз деп тану; жою, болдырмау; 2. некені жарамсыз деп есептеген сот шешімі; 3. ата-ана құқығынан айыру.

      ANONYMITY

      анонимдік, жасырын.

      ANSWER

      1. жауап; 2. жауап беру; жауапты болу; 3. шешім (сұрақтың, мәселенің); 4. жауапкердің іс туралы келіспеуі.

      ANSWERABLE

      жауапты.

      ANTAGONIZE

      1. қарсыласу, қарсы тұру, қарсылық көрсету; 2. дұшпандық, қастықтың дәнін себу, туғызу.

      ANTECESSOR

      1. ата жағынан туысқан, аталас; 2. мұрагер; 3. бұрынғы меншік иесі.

      ANTEDATE

      1. өткен күнмен қойылған күн, мерзім; 2. алдыңғы немесе өткен күнмен мерзімдеу.

      ANTENATI

      ата-аналары некеге отырмас бұрын туылған немесе некеде, бірақ мерзімінен бұрын туылған сәбилер.

      ANTENUPTIAL

      некеге отырмас бұрын.

      ANTENUPTIAL AGREEMENT некеге дейінгі шарт, синонимі. PRENUPTIAL AGREEMENT

      келісім.

      ANTICHRESIS

      антихрез, мүлік кепілі.

      ANTICIPATORY

      алғашқы, бастапқы, толық емес, ескертетін; ~ search warrant тінту үшін бастапқы ордер.

      ANTIGRAPHY

      мөр басылған көшірме (құжат көшірмесі).

      АNTY-DUMPING

      демпингіге қарсы; ~ duty демпингіге қарсы баж салығы (әлемдік нарықтың немесе импорттаушы елдің ішкі бағаларынан төмен баға бойынша экспортталатын тауарларға салынатын қосымша импорттық баж салығы).

      APATRIDE апатрид (азаматтығы жоқ адам).

      APOLIDE

      аполид (азаматтығы жоқ адам).

      APOLOGETIC

      1. қорғайтын; 2. бітістіретін, татуластыратын, жарастыратын, ымыраластыратын.

      APOLOGIZE

      1. кешірім сұрау, ресми түрде кешірім сұрау.

      APOLOGY

      1. кешірім; 2. қорғау, ақтау.

      APOSTLES

      жоғары инстанциядағы, санаттағы сотқа істі апелляцияға жіберу.

      AРРАRENT

      1. көрінетін; 2. анық, айқын, күмәнсіз, шүбәсіз, даусыз.

      APPARITOR

      сот

Скачать книгу