Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

мен магистранттардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатия саласындағы алған негізгі білімдерін жүйелі түрде нақтылы мәліметтермен толықтыру. Сол ретте «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)» халықаралық қатынастар, аймақтану мамандығында оқылатын «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәні бойынша оқу үдерісі барысында белсенді түрде қолданылатын оқу-әдістемелік құралымен қоса нақтылы саяси оқиғалардың дерек көзі болып табылады.

      Оқу-әдістемелік құралының негізгі мақсаттары:

      ⎼ болашақ халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі дипломатиялық қызмет туралы мәліметтермен таныстыру;

      ⎼ халықаралық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметінің қалыптасуы мен даму эволюциясын қарастыру;

      ⎼ халықаралық қатынастар тарихындағы маңызды оқиғалардың мерзімдік шежіресін сараптай білуге үйрету.

      «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)» оқу-әдістемелік құралының негізгі міндеттері:

      ⎼ Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту және жүйелеу;

      ⎼ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестігінің негізгі қағидалары мен бағыттарын айқындау;

      ⎼ сыртқы саясат пен дипломатиялық қызметтің негізгі түп-тамырын саралау әдістемесін меңгеру.

      Оқу-әдістемелік құралын дайындау барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық ;аршысы» ресми журналына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Сыртқы істер министрлігінің сайтына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Президенттің сыртқы саяси қызметі бойынша берілген мерзімдік шежіреге, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының хронологиясын қарастырған тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      СЫРТҚЫ САЯСАТЫ МЕН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ

      МЕРЗІМДІК ШЕЖІРЕСІ

      ХХ ғасырдың басында құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өзінің әкімшіл-әміршіл жүйесінің даму заңдылығына төтеп бере алмауының нәтижесінде ХХ ғасырдың аяғында құрамдас бөлікте болған он бес республикаға ыдырап, мәңгілік құрдымға кетті. Бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына себеп болған аса маңызды үдеріс болды. 1990 жылдың 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам еді.

      Жаңа даму сатысына бет алған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылы 10 желтоқсанда қабылданған № 1000-ХІІ заңына сай Қазақстан Республикасы деп өзінің мемлекеттік атауын өзгертті. 1991 жылы 16 желтоқсан күні қабылданған № 1007-ХІІ заңның негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.

      Аталмыш заңның 1-тарауында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде өз аумағында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді (1-бап) деп атап өткен. 2-бапта Қазақстан Республикасы барлық мемлекетпен өзара қатынасын халықаралық құқық қағидалары бойынша құратындығын белгілейді. Соған орай 13-бапта Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың субъектісі болып табылатындығы, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуына, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіруіне және олардың қызметіне қатысуына болатындығын көрсетеді. Осы заңның негізінде Қазақ елі үшін толыққанды тәуелсіз ел ретінде халықаралық қатынастар жүйесімен үйлесу дәуірі басталған еді.

      1991 жыл

      1 желтоқсан. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 пайыз дауысын жинаған Н.Ә. Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.

      Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының вице президенті лауазымына Е.М. Асанбаев сайланды.

      8 желтоқсан. Беловеж орманындағы Вискулде Ресей, Украина және Беларусь басшылары Б. Ельцин, Л. Кравчук және С. Шушкевич КСРО-ның өмір сүруінің тоқтатылғандығы туралы мәлімдеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жарияланды.

      10 желтоқсан. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы № 1000-ХІІ заңына сай Қазақстан Республикасы деп өз атауын өзгертті.

      12 желтоқсан. Мемлекет басшыларының бастамасы бойынша Ашхабадта Президенттердің (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан; А. Ақаев, Қырғыз Республикасы; Р. Набиев, Тәжікстан; С. Ниязов, Түрікменстан; И. Кәрімов, Өзбекстан) консультативтік кездесуі өтті. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусь, Ресей, Украина қол қойған Тәуелсіз

Скачать книгу