Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 13
У. Петтидің көптеген еңбектері жермен байланысты мәселелерге арналған, себебі жер сол кездегі еңбектің негізгі нысаны болған. Жер еңбектің өнімі болмағандықтан, ол ерекше тауар болып табылады. Жерді сату немесе сатып алу кезінде жерден пайда табу құқығы да сатылады немесе сатып алынады. Жерден алынған табыс жер рентасы болып табылады, У. Петти оны жұмысшының жалақысына, дән сатып алуға кеткен шығынды есептегеннен қалған қалдық деп есептеген. Осылайша жердің бағасы жиырма бір жыл ішіндегі бір жылдық рентаны құраған.
Петти пайызды қарастырғанда, келесідей шешімге келеді, пайыздық төлемдер ақшаның иесі өзінің қаражатын қолдана алмауымен байланысты туындаған қолайсыздықтардың өтемі болып табылады. Пайыз мөлшерлемесінің көлемін автор табыстың негізгі нысаны ретінде рентамен анықтайды. Қолдағы бар қаражатқа жер телімін сатып алып, одан жер рентасын алуға болады, сол себептен пайыз мөлшерлемесі рентадан төмен болмауы тиіс.
У. Петти өзінің еңбектерінде сандық талдау қажеттігін дәлелдейді, ол экономикалық құбылыстарды «сандар, салмақтар және өлшемдер тілімен» түсіндіруді армандаған, жаңа ғылыми пән – экономикалық статистиканың негіздерінің қалыптасуы оның есімімен байланысты. Ол бірінші болып ұлттық табыс көлемін анықтады, Англияның төлем балансын құрастырып, демографиялық үдерістерді зерттеді.
Франциядағы классикалық саяси экономияның пайда болуы
Франциядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы Пьер Буагильбер (1646-1714) болып табылады, оның «Франциядағы бөлшек сауда» және «Байлықтың, ақшаның және салықтың табиғаты туралы пікірлер» еңбектері меркантилистік идеялардың түпкілікті орнығуына теориялық-әдістемелік база болды. Буагильбер Францияда, Англиядағы Петти секілді еңбек құн теориясының негізін қалаушы болып табылды. Құнды оның ақшалай көрінісі ретінде көрсеткен Петтимен салыстырғанда Буагильбер ақша нысанын мүлдем қарастырмаған, ол тауардың тауарға қатынасын, яғни тауардың тікелей айырбасын қарастырған. Ол ақшаны барлық жаманшылықтың кесірі, «шынайы құнға» сәйкес тауар айырбасын бұзатын негізгі себеп деп есептеп, оған барынша қарсы болған. Буагильбер тауар өндірісін сақтап, ақшаны жою қажет деген талап қояды.
П. Буагильбер меркантилизмге, соның ішінде Кольбер саясатына сыни көзқараспен қараған. Оның пайымдауынша,
7
8