Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 14
«Таза өнім» ұғымымен бірге еңбек өнімділігі категориясы да қарастырылады. Физиократтар өнімді еңбек ретінде байлықты көбейтетін «таза өнім» шығаруға кеткен еңбекті айтады, ал кез келген басқа еңбек өнімсіз (бірақ, ол да өте пайдалы болуы мүмкін).
Қоғамды қарастыра келе, Кенэ таза өнімге қатысы бар әртүрлі таптарды бөліп қарастырады. Ол азаматтардың үш табын бөледі: өндіруші тап, иемденуші тап және өндірмейтін тап. Өндіруші тап – таза өнімді өндіретіндер, яғни жер өңдеуші жұмысшылар. Иемденуші тап – жер иеленушілерді және билік басындағыларды қамтиды, бұл тап «жердің таза өніміне немесе пайдасына өмір сүреді». Өндірмейтін тапқа (немесе өнімсіз) жер өңдеумен айналыспайтын адамдардың барлығы жатады.
Физиократтардың капитал туралы еңбектерінің үлкен ғылыми маңызы бар. Физиократтардың өндіріс және жер өңдеу шығындарын мұқият зерттеп, есептеу арқылы капиталдың құрамдас бөліктерін шектеуге мүмкіндік алғаны мәлім. Физиократтар капитал құрылымында бастапқы және жыл сайынғы аванстарды бөлген. Бастапқы аванс ретінде, Кенэнің есептеуі бойынша, он жылдың ішінде қайтарылатын жер өңдеу құралдарына кеткен шығындар болып табылады. Ал жыл сайынғы аванстарға ауыл шаруашылығы жыл сайын жұмсайтын шығындар (жұмысшылардың жалақысы, дәндер) жатады. Капиталдың осылай бөлінуі қазіргі заманғы капиталдың негізгі және айналмалы деп бөлінуіне өте ұқсас. Капиталды талдауды физиократтар тұтас өндірістің талдануы сияқты тек ауыл шаруашылығы өндірісі тарапынан қарастырған. Өнеркәсіпке құйылған капиталды физиократтар өнімсіз деп есептеді, сол себептен де олар өнеркәсіптік капиталдың экономикалық құрылымына талдау жасамаған.
Физиократтар қоғамдық өнімнің құндық және натуралды нысандарда ұдайы өндірілуі мәселесін қарастырған. Бұл мәселеге ұдайы өндірістің алғашқы теориялық моделі болған Кенэнің «Экономикалық кестесі» арналған. «Экономикалық кестеде» физиократтардың таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, капитал, таптар және т.б. туралы барлық экономикалық ілімдері көрініс тапқан. Берілген модельдің негізінде ұдайы өндірістің талдауын жеңілдететін бірқатар қағидалар бар: талдаудан өндірістің қорлануы және ұлғаюы алынып тасталған; тауар бағаларының тұрақтылығы болжамданған; сыртқы сауданың әсері ескерілмейді; жерді пайдаланудың жалға берушілік жүйесінің бар жерде таралуы; әр тап арасындағы сату-сатып алу ескерілмейді. Өзінің кестесінде Кенэ ауыл шаруашылығында жасалатын жылдық жиынтық өнімнің таптар – өндірушілер (шаруалар), жер иеленушілері және қолөнершілер (өнімсіз тап) арасында қалай айналатындығын көрсетеді. Жылдық өнімнің айналысы ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте қолданған шығындардың толтырылуын қамтамасыз