Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 15
Классикалықмектептіңерте даму кезеңіндегі атақты ғалымдарына Ричард Кантильон және Давид Юм жатады. Ричард Кантильон (1680-1734) ирландық көпес және қаржыгер, ол көп жылдар бойы Францияда өмір сүрген. Меркантилистік саясатты сынайтын «Сауда табиғатының тәжірибесі» атты еңбегі ол дүниеден өткеннен кейін жарық көрді (1755). Ричард Кантильон «қымбат сатып, арзан сатып алу» тезисі мемлекет үшін уақыт өте келе шығын алып келуі мүмкін, бірақ жекелеген адамдар үшін жағдай мүлдем басқаша екендігін пайымдады. Оның пікірінше, сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік арқылы қымбат сатып, арзан сатып алуға мүмкіндік туады және тура осы жағдай бәсекелес нарықтарды тепе-тең жағдайға алып келеді. Осындай жүзеге аспаған мүмкіндіктерді қолданып табыс табатын адамдарды Ричард Кантильон «кәсіпкерлер» деп атайды және кейіннен осы термин экономикалық теорияға тұрақты енді.
Ричард Кантильон алғашқылардың бірі болып «алтын ақша ағыны» механизміне сипаттама берген және барлық экономикалық тұлғалардың бастапқы құралдары бірдей дәрежеде өскен жағдайда ғана ақшаның көбеюі бағаның өсуіне әсер ететіндігін көрсетті.
Давид Юм (1711-1776) XVIII ғ. ұлы ойшылы, философ, тарихшы, экономикалық зерттеулерін негізінен ақшаның рөліне арнаған. Юм ақшаның сандық теориясының (АСТ) негізін салушы болып саналады. Юм XVI ғ. Жаңа дүниеден алтын мен күмістің ағыны көбейгенде, бұл бағаның өсуіне әсер етті, осыдан «баға төңкерісіне» сүйене отырып, ғалым бағаның деңгейі және сатып алу қабілеті айналыстағы ақша көлеміне байланысты екенін түсінеді. Сандық теорияны қазір келесі түрде көрсету қалыптасқан (ең қарапайым нұсқасы): MV=PT, бұл жерде М – ақша массасының көлемі, V – ақша айналысының жылдамдығы, Т – тауар массасының жиынтық көлемі, Р – орташа баға. АСТ-ң жақтаушылары V және Т көлемі тұрақты шама деп есептейді, бұл жағдайда М өсуі Р өсуіне әсер етеді.
Юм Кантильон секілді сауданың оң балансы теориясын сынайды, ол сыртқы саудада алтын стандартында табиғи түрде қалыптасатын тепе-теңдік туралы пікірлердің авторларының бірі. Экспорт пен импорт арасындағы тепе-теңдік жағдайды қалыптастыруды келесідей жолмен көрсетуге болады. Айталық, оң сауда сальдосына қол жетті, басқаша айтқанда, таза экспорт (экспорт пен импорт бағалары арасындағы қатынас) нөлден жоғары, нәтижесінде мемлекетке алтын көп мөлшерде енеді. Баға өседі, экспорт қысқарады және таза экспорт қайтадан нөлге дейін төмендейді. Егер де таза экспорт Хп<0 болса, мемлекет алтынның бір бөлігін жоғалтады, ел ішіндегі ақша көлемінің азаюынан ішкі баға төмендейді. Нәтижесінде ұлттық тауар