Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 16

Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов

Скачать книгу

ілімдер тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Ғ.М. Мүсіров. – Алматы-Ақтөбе: А-Полиграфия, 2006. – 314 б.

      4. Всемирная история экономической мысли: В 6 т. Т I. – М., 1987. – 606 с.

      5. Ядгаров Я.С. История экономических учений: учебник. – 4-е изд., перераб. И доп. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 480 с.

      6. http://gallery.economicus.ru

      Түйін сөздер: физиократия, Кенэнің «экономикалық кестесі», «таза өнім», индустриализм, еңбек өнімділігі, кәсіпкер, ақшаның сандық теориясы, Кантильон – Юм эффектісі.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Классикалық саяси экономияның іргелі тұжырымдамаларын атаңыздар.

      2. Классикалық мектептің дамуы қандай кезеңдерге бөлінген?

      3. У. Петтидің құн теориясының мәні.

      4. Ф. Кенэ теориясының негізгі тұжырымдары қандай?

      5. Меркантилистер мен классикалық мектеп өкілдерінің мемлекеттің рөлі туралы пікірлерін салыстырыңыздар.

      Тест тапсырмалары:

      1. Классикалық либерализм өкілдері мемлекетке қандай рөл берді?

      A. мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;

      B. сыртқы және ішкі қауіпсіздік;

      C. көлікті ұйымдастыру және білім мен денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету;

      D. мемлекеттік заңдарды қамтамасыз ету;

      Е. барлығы дұрыс.

      2. Классикалық саяси экономияга сәйкес ақша – бұл:

      A. адамдардың жаңалығы;

      B. экономикалық өсудің маңызды факторы;

      C. қоғамдық байлықтың негізгі элементі;

      D. айырбасты жеңілдететін айналым құралы;

      Е. билеушілер енгізген тауар.

      3. У. Петти және П. Буагильбер негізін салган құн теориясында құн немен анықталады?

      A. еңбек шығындарымен (еңбек теориясы);

      B. өндіріс шығындарымен (шығындар теориясы) ;

      C. шекті пайдалылықпен;

      D. пайдалылықпен;

      Е. дұрыс жауабы жоқ.

      4. Д.Юм теориясына сәйкес, баға деңгейі немен анықталады?

      A. еңбек шығындарымен;

      B. өндіріс шығындарымен;

      C. елдегі ақша көлемімен;

      D. сұраныс шамасымен;

      Е. халық санымен.

      5. Физиократтар ел байлыгын көбейтудің негізгі көзі деп нені есептеген?

      A. ауыл шаруашылығы;

      B. сыртқы сауда;

      C. ішкі сауда;

      D. ірі өнеркәсіп;

      Е. мануфактуралық өндіріс.

      6. Ф.Кенэ неліктен жер өңдеушілер еңбегін өнімді деп атады?

      A. жер өңдеуде материалдық құндылықтар жасалады;

      B. жер өңдеуде тұтынудың негізгі заттары жасалады;

      C. жер өңдеуде таза өнім жасалады;

      D. жер өңдеумен тұрғындардың негізгі

Скачать книгу