Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 19
А. Смит сыртқы экономикалық байланыстарға үлкен көңіл бөледі. Сыртқы сауда ішкі өндіріс сияқты еңбек бөлінісінің және мамандануының негізінде қалыптасқан. Егер шетелде тауар өндірісі мемлекеттің ішіндегі өндірістен арзан болса, онда шетелден сатып алу тиімді болады. Еркін сыртқы сауда барлығы үшін тиімді, сондықтан Смит меркантилистердің арзан тауар кіргізуді шектеуге және өздерінің экспорттаушыларына сыйақы беру сияқты пікірлеріне қарсы тұрады. Смиттің бір мемлекетке арналған «көрінбейтін қол» қағидасы кейіннен бүкіл әлемге тарады.
А. Смит еңбекті «халықтар байлығының» өсуіне әсер етуіне қарай өнімді және өнімсіз деп екіге бөледі. Өнімді еңбек ретінде Смит әлдебір затта көрінетін құнды тудыратын және оны сатып алуға капитал авансыланған еңбекті айтады. Осыған сәйкес өнімсіз деп оны көрсеткен уақытында жоқ болып кететін және оны сатып алуға табыс шығындалатын қызметтерді айтады. Сол себептен материалданбаған еңбектің құндылығы болмайды, ал бұл категорияға Смит адамдардың өте үлкен тобын енгізеді: мемлекеттік шенеуніктер, әскер, музыканттар, заңгерлер, жазушылар және т.с.с.
Бұл А. Смиттің ізбасарларының наразылығын тудырды, олардың пікірінше, кез келген еңбектің ерекше құндылығы болады және қоғамдық байлықтың белгілі бөлігінің көзі болып табылады.
А. Смит либерализм тұрғысында экономикалық еркіндікті және мемлекеттің араласпауы қағидасын қолдады, бірақ мұның абсолюттік ереже емес, жалпы қағидалар екенін ескеру қажет. Смит жеке мүдделерге негізделген «көрінбейтін қол» үйлесімділікке және экономикалық өсуге, тек еркін жеке мүдделер сәйкес құқықтық және институционалды шектеулерге қамтылғанда ғана әкелетіндігін түсінген. Нақты өмірде мемлекет, классиктің пікірінше, келесідей қызметтерді атқаруы керек: а) елді қорғау; ә) қоғамдық мекемелерді (білім және байланыс мекемелері) қамтамасыз ету; б) пайыз мөлшерлемесін бекіту.
М. Блаугтың пікірінше, «мемлекеттің толық араласпауында бәсекелестіктің артықшылықтары көрінбейді. Және Смит саяси экономия туралы бекер айтпаған»12.
Өзінің минималды міндеттерін атқаруы үшін мемлекетте қаражат болуы керек және ол қаражат салық түсімдері арқылы жинақталады. Салықты барлық адам өзінің мүлігіне сәйкес төлеуі керек. Смит салық салудың төрт ережесін қалыптастырды:
1. пропорционалдық
2. анықтылық (салық төлеудің нақты уақыты мен сомасы көрсетілуі тиіс)
3. салық төлеуші үшін ыңғайлылық
4. минималдылық (салықтар тек ең қажетті мұқтаждықтарды өтеуі тиіс).
Смиттің идеясы ең алдымен оның елінде, сосын бүкіл әлемде іс жүзінде қолданыла бастады.
Әдебиеттер:
12