Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев страница 1

Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев

Скачать книгу

ну пунктіне ауыстыруға байланысты шығын айналым шығыны ретінде транспорттық шығын болып табылады және нәтижесінде түпкі тұтыну бағасына қосылады. Сондықтан да тауарлардың бағалық бәсекесінде транспорттық фактор ерекше рөл атқарады.

      Сонымен, транспорт өнімді өткізу кезеңін аяқтайды да, айрықша тауар түрі – транспорттық қызмет көрсетудің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

      Кез келген сыртқы экономикалық мәміле бойынша сатылған тауардың транспорт арқылы екі немесе одан да көп елдер арасында тасымалдану қажеттілігі оларды халықаралық айналым сферасына түсіреді. Бұл үдерісте жүк жөнелтуші мен қабылдап алушы, сонымен қатар жеткізуші, халықаралық сипаттағы құқықтық қатынастардың қатысушысы болып табылады. Бұл ретте тасымалдау келісімі бойынша өзіне атқарушылық қызмет тапсырылған. Сондай-ақ, жүкті тасымалдауды қамтамасыз ету міндеттелген кез келген жеке тұлға немесе ұйым жүкті жеткізуші болып саналады.

      Транспорттық жүйелердің экспорттық әлеуеті инфрақұрылым – теңіз және өзен айлақтары, әуежайлар, терминалдар, теміржол бекеттері, автокөлік өткізгіштері арқылы жүзеге асады. Сондықтан, транспорттық инфрақұрылым экспорттық сипаттағы тиісті қызметтің дербес түрі ретінде анықталады.

      Бүгінгі таңда жүк иеленуші үшін оның тауарын бір пункттен екінші пунктке тасымалдап берудің өзі жеткіліксіз. Транспорттық қызметті сатып алушы өзіне кешенді қызметтер көрсетуді қалайды. Мұнда жеткізу жылдамдығы, тасымалдау реттілігі, жүктің сақталу сенімділігі сияқты транспорттық қызмет құрамдастары тікелей немесе жанама түрде тауардың түпкі бағасына әсер етеді. Бұл үдеріске қатысушылардың өзара қатынастарының күрделі механизмі халықаралық тасымалдарды транспорттық қамтамасыздандыру мәселесінің өзектілігін арттыра түседі.

      Транспорттық қамтамасыздандыру әрқайсысы бірқатар операциялардан тұратын үдерістерден (кезеңдерден) құралады. Қандай да бір үдеріс болмасын – ол транспорттық қызметті басқару ісінде экономикалық, коммерциялық-құқықтық, ұйымдастырушылық және т.б. әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады.

      Егер тауар бір елдегі пункттен жөнелтіліп, басқа бір елдегі пунктке жеткізілетін болса, мұндай тасымал халықаралық тасымал болып есептеледі.

      Бизнестің жаһандануы, жекелеген елдердің транспорттық жүйелерінің әлемдік транспорттық жүйеге интеграциялануы негізгі транзиттік жүк ағындарын жүзеге асырушы халықаралық транспорттық дәліздерді дамыту талаптарын алға қойып отыр.

      Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдары қолға алынған транспорттық дәліздер бойынша іс-шаралар жиынтығы бұған дәлел бола алады. Айталық, Батыс Қытай және Батыс Еуропа автокөлік дәлізі, Түркіменстан арқылы салынған Қазақстан-Иран теміржол дәлізі, Қазақстан арқылы өтетін Түркіменстан-Қытай газ құбыры мен Қазақстан-Қытай мұнай құбыры әлемдік транспорттық жүйедегі Қазақстанның орасан зор рөлін анықтаса керек.

      Аталған оқу құралында халықаралық транспорт операцияларының мәнін ашып, мағынасын терең түсіндіру мақсатында және еңбектің әлемдік экономика саласындағы болашақ мамандарға арналғандығын ескере отырып, отандық транспорт жүйесімен қатар, транспорттық инфрақұрылымы анағұрлым дамыған және халықаралық сипатқа ие, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарға барынша интеграцияланған көршілес Ресей Федерациясының транспорт жүйесінің қазіргі жағдайы мен ерекшеліктеріне ішінара тоқталдық.

      Ұсынылып отырған оқу құралында аталған және басқа да халықаралық транспорттық операциялардың мәнін, түрлерін анықтауға, делдалдық қызметтер мен халықаралық тасымалды реттеудегі құқықтық мәселелерді қамтуға талпындық. Сонымен қатар, қосымша ретінде оқу құралының соңында халықаралық жүк тасымалдары бойынша «Инкотермс-2010» базистік шартының түпнұсқасы келтірілген.

      Оқу құралын дайындау барысында қажетті материалдарды жинақтауға және көрсеткен техникалық көмегі үшін әлФараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, «Әлемдік экономика» мамандығы қазақ бөлімінің жоғары курс студенттеріне алғыс білдіреміз.

      Оқу құралы «Әлемдік экономика», «Аймақтану» мамандықтары бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ халықаралық транспорт тасымалдары мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық ізденісті оқырмандарға арналған.

      І-тарау

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРҒА ТРАНСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

      Қазіргі жедел өзгерісті әлемде бірқалыпты транспорт қызметінің рөлі арта түсуде. Көліктің жол бағдарлары .бүгінде әлемдік қоғамдастықтың күнделікті өмірін қамтамасьыз ететін өмірлік маңызды артерия болып табылады.

      Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда транспорт тауардың (жүктің) және адамның (жолаушылардың) екі немесе одан да көп мемлекет арасында тасымалдануын қамтамасыз етеді, яғни халықаралық қатынастарға қатысады. Тасымалдауда қолданылатын транспорттың нақты түрлеріне теңіздік, өзендік, әуе, теміржол, автомобиль, құбыр тасымалдаушылары жатады. Жүктің

Скачать книгу