Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев страница 12

Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев

Скачать книгу

жеткізіп беруі тиіс. Сатып алушы тауардың жеткізілу орнын белгілейді және соған байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады. Тәуекел сатып алушыға тауар бірінші тасымалдаушыға берілген сәттен бастап ауысады. Осы базистік шарт бойынша сақтандыру құны келісімде белгіленген құннан 10 %-ға артық. Сатушы сақтандыру төлемінің құны жайлы сатып алушыға ақпарат беруі тиіс, яғни тауар бірінші тасымалдаушыға берілуден бұрын сатып алушы өз қалауы бойынша тауарды тағы да сақтандыра алады. СІР шарты сатушыны барлық экспорттық мәселелерді шешуге міндеттейді.

      DAP (delivered at place) «Инкотермс-2000» базистік шартындағы DAF (delivered at fronteir), DES (delivered exship), DDU (delivered duty unpaid)орнына қолданылады.

      DAF (delivered at fronteir) – шекараға жеткізу. Бұл шарт бойынша сатушының міндеті тауардың келісімде белгіленген шекараға, яғни белгіленген мемлекеттің шекарасына жеткізілгеннен кейін аяқталады. Сатушы тауарды сатып алушы белгілеген жерге жеткізуге, транспорттық құжатты және басқа да құжаттарды беруге міндетті. Сатып алушы тауар белгіленген шекараға келген сәттен бастап барлық шығындарды өз мойнына алуы тиіс, яғни тауарды жүктеу, оны әрі қарай тасымалдау және кедендік мәселелерге байланысты шығындар. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға тауар келісімде белгіленген шекараға жеткізілген сәттен бастап ауысады. Егер тәуекелді сақтандыру полисімен қамтамасыз ету керек болса, онда «Инкотермс» сатушы мен сатып алушыға өзара келісіп алуды ұсынады, яғни қай тарап жол бойы тауардың сақтандырылуын қамтамасыз етуі керек.

      DES (delivere dexship) – кемеден (франко-порт). Берілген базистік шарт теңіз және өзен транспортында қолданылады. СІF шарты секілді сатушы келісімде белгіленген орынға тауарды жеткізіп сатып алушыға жеткізуі міндетті. Сатушы тауардың жеткізілу мерзімін айтады, яғни кеменің келу мерзімі, сонымен қатар, сатушы тауарға қатысты барлық құжаттарды табыс етуі тиіс. Өз кезегінде ол құжаттар сатып алушыға тауарды белгіленген орыннан тауарды алып кетуге құқық береді. Барлық тәуекелдер сатып алушыға келісімде белгіленген кеме бортына жеткізілген сәттен бастап өтеді.

      DDU (delivered duty unpaid) – баж салығынсыз жеткізгенге дейін… Тауар сатып алушы қарамағына келісімде белгіленген уақытта жеткізілген жағдайда ғана сатушы өз міндетін толықтай орындағанын білдіреді. Сатушы (экспортталатын тауардың баж салығы мен құжаттарға байланысты барлық шығындардан басқа) тауарға қатысты барлық шығындар мен тәуекелді өз жауапкершілігіне алады. Егер, екі тарап өзара келісіп, тауарға қатысты барлық шығындарды сатушы өз мойнына алатын болса, онда осы жағдай олардың арасындағы келісімде көрсетілуі тиіс.

      DAТ (delivered at terminal) «Инкотермс-2000» базистік шартындағы DEQ (delivered ex guay) орнына қолданылады.

      DEQ (delivered ex guay) – франко-айлақтан. Бұл шарт тауарды теңіз және өзен арқылы тасымалданған жағдайда қолданылады. Сатушы барлық шығындарды өтейді, яғни келісімде белгіленген мерзімде және орынға тауардың жеткізілуін, тауарды жағажайға жүктеу

Скачать книгу