Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 4

Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева

Скачать книгу

деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;

      • нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

      • табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;

      • бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.

      1.4. Инвестицияның жіктелімі

      Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

      1) инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:

      • нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;

      • портфельдік инвестициялар;

      • қаржылық емес инвестициялар.

      2) инвестициялау мерзіміне қарай:

      • қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;

      • орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;

      • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

      3) инвестицияға қатысу нысанына қарай:

      • тікелей инвестициялар;

      • жанама инвестициялар.

      4) меншік нысанына қарай:

      • аралас (бірлескен) инвестициялар;

      • шет елдік инвестициялар;

      • мемлекеттік инвестициялар;

      • жеке меншік инвестициялар.

      5) аумақтық белгісіне қарай:

      • шет елде инвестициялау;

      • елдің ішінде инвестициялау;

      6) пайдалану бағытына қарай:

      • өндірістік бағыттағы инвестициялар;

      • өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.

      Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестицияларды екі топқа бөледі:

      1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

      – өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;

      – өндірісті кеңейтуге;

      – жаңа өнім шығаруға;

      – өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.

      2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

      – тұрғын үй құрылысына;

      – спорт және сауықтыру объектілерінің құрылғыларына;

      – еңбек жағдайын жақсартуға;

      – техникалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға.

      Портфельдік инвестициялар да екі топқа бөлінеді.

      1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:

      – кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;

      – облигациялар сатып алуға;

      – басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.

      2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:

      – өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;

      – қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;

      – басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Инвестиция

Скачать книгу