Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 5
• инвестициялық қызметке мемлекеттің қатысу дәрежесі;
• инфляция деңгейі;
• бюджет тапшылығы;
• экономиканың даму жағдайы;
• қаржы-несие саясатын жетілдіру дәрежесі;
• мемлекеттің экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаты;
• қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдайлар;
• нарықтық қатынастардың жетілдірілу дәрежесі;
• еркін экономикалық аймақтардың болуы;
• шетел капиталын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
• инвестиция жұмсаудың тәуекелділік дәрежесі;
• мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау. Осылардың ішінен инвестициялық қызметке кейбірінің ықпал ету тетігін қарастырайық.
Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен өзара байланысты деген түйінге келсек, онда олардың барлығы бірдей тек қана инвестициялық қызметке ғана емес, сондай-ақ елдегі жалпы экономикаға да ықпал етеді.
Ел экономикасының жағдайы мен оның даму үрдісі – бұл инвестициялық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор.
Елдегі экономика жағдайы ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет шамасы мен оның тапшылық деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі және оның құрылымы сияқты және басқа да көрсеткіштердің үрдісін анықтауға мүмкіндік жасайды. Инвестициялау үшін қажетті ресурстарды бөлетін мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және коммерциялық ұйымдардың мүмкіндіктері ЖІӨ, ЖҰӨ және ұлттық табыстың шамасына байланысты.
Экономиканың даму қарқыны қолда бар күш-қуатты тиімді пайдалануға және инвестиция жұмсау қарқынына да тікелей байланысты екені белгілі. Әрине бұл жерде экономика қарқынының өсуі инвестициялық жұмсалымға қарағанда ілгері болуы қажет.
Инфляция бұл инвестициялық қызметке ықпал етуші негізгі фактор ретінде экошмиканьщ жағдайына тікелей байланысты, ятни тұрақты экономика немесе экономикалық өсу тұсында оның деңгейі төмендейді немесе керісінше. Бұл жерде инфляция процесі мен банктік несие мөлшерлемесінің арасында тығыз байланыс бар екенін айта кету қажет. Ендеше инвестицията деген сұраныс қисыты банктік пайыз мөлшерлемесіне (Мп) және инвестицияның жұмсалымынан күтілетін таза пайданың нормасына (Нп) тікелей байланысты (1-сурет).
1-сурет. Инвестицияға деген сұраныс қисығы
1-суреттен көріп отырғанымыздай, қаншалықты банктік пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым инвестицияға деген сұраныс төмен немесе инфляцияға деген сұраныс пен күтілетін таза пайда нормасының арасында да сондай байланыс бар. Әрине бұл жерде егер таза пайда нормасы банктің пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни Нп> Мп, онда экономикаға инвестиция жұмсау тиімді. Сондай-ақ керісінше, егер күтілетін таза пайда нормасы пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни Мп > Нп, онда мұндай жағдайда