Фирмалар қаржысы. Баян Купешова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 2

Фирмалар қаржысы - Баян Купешова

Скачать книгу

функциясы көмегімен кәсіпорынның пайдасын бөлу реттілігі және кәсіпорынды дамыту үшін белгілі бір бағыттары бойынша бөлу пропорциясын анықтауды қамтамасыз етеді.

      Фирма қаржысының бақылау функциясы көмегімен ақша құралдары қорын қалыптастыру, теңге көмегімен нақты ақша айналымына бақылау қамтамасыз етіледі. Фирмада бақылау нысаны ретінде функционалды департаментализация және дивизионды департаментализация қолданылады. Фирма қаржысының бақылау функциясы келесі бағыттар бойынша: қаражаттарды қорларға өз уақытында аударуды, ақшалай қорлардың, қордың құрылымын бұзбауына, қаражаттарды мақсатты қолдануына, түскен түсімдерді, кіріс және рентабельді деңгейін бақылауды жүзеге асырады.

      Экономикалық әдебиетте фирма қаржыларының функциялары сұрақтары және де жалпы қаржылар бойынша бірыңғай ойпікір жоқ.

      В.В. Бочаров және В.Е. Леонтьевтің ойлары бойынша, шаруашылық нарық жағдайында корпоративті қаржысының 3 функциясының бар болуын құқықты мойындау:

      – капиталды, табысты және ақша қорларын қалыптастыру;

      – капиталды, табысты және ақша қорларын қолдану;

      – бақылау [1].

      Осылардың ішінен біріншісі (капиталды, табысты және ақша қорларын қалыптастыру) ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін жүзеге асыру жағдайының қажеттілігі болып табылады. Тауарларды сатудан бастапқы тарату түсім есебінен, қаржы жоспарында (бюджетінде) сипатқа ие болатын, корпорацияның және кәсіпорынның арнайы қорлары құрылады.

      Фирма қаржысын басқарудың қызметтерін келесідей жүйеге келтіруге болады:

      1. Жоспарлау (құрамына стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлау кіреді). Кез келген іс-шаралардың түрлі сметалары мен бюджеттерін жасау. Өткізуді болжау мен баға саясатына қатысу. Келісімшарт шарттарын анықтауға қатысу. Бірігу немесе бөліну түріндегі құрылымның мүмкін болатын өзгерістеріне баға беру.

      2. Қаржыландыру көздерімен (капиталмен) қамтамасыз ету. Қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздеу. Олардың ең қолайлы үйлесімін таңдау.

      3. Қаржылық ресурстарды басқару. Шоттар мен кассалардағы ақша қаражаттарын басқару. Бағалы қағаздар портфелін басқару. Қарыз қаражаттарын басқару.

      4. Есеп, бақылау және анализ. Есеп саясатын анықтау. Есеп ақпараттарын қаржылық есеп түрінде беру және оны өңдеу. Нәтижелердің анализі мен оны түсіндіру. Есеп мәліметтерін жоспармен және стандарттармен салыстыру. Ішкі аудит.

      5. Активтерді қорғау. Тәуекелдерді басқару. Әртүрлі тәуекелдерді сақтандырудың тиімді тәсілін таңдау.

      Бұл қызметтердің нақты формалары мен әдістерін кәсіпорынның қаржылық саясаты анықтайды. Саясаттың негізгі элементтері:

      – есептік саясат;

      – несиелік саясат;

      – ақша қаражаттарын басқару саясаты;

      – шығындарды басқару саясаты;

      – дивидентті саясат.

      Кәсіпорынның есеп саясаты ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай анықталады.

Скачать книгу