Фирмалар қаржысы. Баян Купешова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 7

Фирмалар қаржысы - Баян Купешова

Скачать книгу

нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсеткіштерден тұрады.

      Балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.

      1-кесте

      Бухгалтерлік баланс*

      * Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 [8].

      Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

      1. Қысқа мерзімді активтер.

      2. Ұзақ мерзімді активтер.

      3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.

      4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

      5. Меншікті капитал.

      Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын табыстар мен шығындар туралы есеп беруде көрсетіледі.

      Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Мұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан алда емес, олардың ең маңыздылары келесілер болып табылады:

      1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.

      2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет.

      3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ.

      4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ.

      5. Баланста есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

      6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды.

      7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.

      Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады.

      Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығындар туралы есепті қолдану керек, оның

Скачать книгу