Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 8
Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№ 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоғын айтамыз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.
2.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1. Көлденең талдау.
2. Тікелей талдау.
3. Трендтік талдау.
4. Салыстырмалы талдау.
5. Факторлық талдау.
6. Қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең