Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова страница 4

Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

өндіргіш күштерді орналастыру;

      • экономикалық өмірдің аймақтық аспектілері.

      Шын мәнінде, аталған мәселелер аймақтық экономиканы зерттеудегі негізгі сұрақтар болып табылады. Аймақтық экономиканың пәнін осылайша анықтауға да болады, бірақ бұл тізім толық болмауы мүмкін, өйткені дамумен байланысты жаңа мәселелер үнемі туындап отырады.

      Аймақтық экономиканы анықтаудың тағы бір тәсілі оның зерттейтін пәні – кеңістіктік дамудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Бұл ерекшеліктер үш негізгі анықтамада шоғырландырылған.

      1. Аймақтық экономика экономика ғылымының саласы ретінде экономикалық заңдарға сүйене отырып, елдің аймақтық жүйесі, әрбір аймақтағы өндіргіш күштер, әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстарды зерттейді. Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру аймақтық экономиканың негізі, басты құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Аймақтық экономиканың пәні өндіргіш күштердің әлеуметтік-экономикалық, аймақтық орналасуын және экономика салаларының дамуын, аймақтардың маңызды табиғи-географиялық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар аймақаралық, аймақішілік экономикалық байланыстарын зерттеу болып табылады.

      2. Америкалық зерттеуші У. Айзард мәселелердің басқа тобын көрсетеді: аймақта тиімді дамуы мүмкін ерекше салаларды немесе олардың топтарын зерттеу; аймақтағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту; аймақтық шаруашылықты әртараптандыру мәселелері; шектеулі ресурстарды тиімді қолдану. Осыған сәйкес У. Айзард келесідей мәселелерді бөліп көрсетеді:

      • адамның іс-әрекеті белгілі бір кеңістікте жүзеге асырылады, осыған орай, ресурстар, нарықтар, өндіріс өнімдері белгілі бір орындарда орналасады;

      • ресурстар, оларды өндіру мен тұтыну кеңістікте біркелкі орналаспаған, сондай-ақ бірқатар ресурстардың орналасуы тұтас, жинақы емес, соған байланысты факторлар мен даму жағдайларының кеңістіктік саралануын (дифференциациясын) туындатады;

      • ресурстар шектеулі және көптеген мақсатта қолданылады, басқаша айтқанда, шектеулі ресурстарды бөлу мен тиімді пайдалану мәселесі орын алады.

      Мұндай жағдайда аймақтық экономиканың пәні, біріншіден, әлеуметтік-экономикалық дамудың кеңістіктік саралануының экономикалық аспектілері, екіншіден, ресурстардың біркелкі бөлінбеуі мен шектеулілігі жағдайында аумақтардың өзара қарымқатынасы болып табылады.

      Бұл анықтама зерттелетін құбылыстың барлық жақтарын бірдей бейнелей алмайды, атап айтқанда, аймақтық саясатты қалыптастыру тәрізді аймақтық экономиканың маңызды аспектісін.

      3. Экономика ғылымының саласы ретіндегі аймақтық экономиканың анықтамасы оның тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталғандығын айқындайды, сонымен қатар ол мәселелерді талдауды ғана емес, сондай-ақ сол мәселелерді шешудің жолдары мен әдістерін жасауды да қамтиды.

      Сондықтан кең мағынада аймақтық экономиканың пәні аталған кеңістіктік мәселелерді

Скачать книгу