Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова страница 5

Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

көз болып табылады. Аймақтың және экономика салаларының дамуын көрсететін статистикалық материалдарды алуда карта, картограмма схемасы, картодиаграмма қолданылады.

      Жүйелік талдау ғылыми-зерттеудің бір әдісі, яғни мақсаттан бастап, оның негізгі міндеттерін, ғылыми гипотезасын зерттей отырып, өндірістің ең тиімді орнын анықтаудағы оңтайлы нұсқаны көрсетеді. Бұл әдісте мәселелерді, шаруашылық құрылымын және ікі қарым-қатынастарды кешенді зерттеу, олардың өзара әрекеттерін зерттеумен толықтырылып соңғы қорытынды тікелей және кері байланыстарды біріктіру негізінде алынады. Жүйелік талдау кезеңділік қағидасын қолданушы жан-жақты талдау болып табылады.

      Өндіргіш күштердің орналасуы мен аймақтардың экономикалық даму мәселелері күрделене түскен сайын, салалық және аумақтық байланыстарды басқару да күрделене түседі. Сондықтан маңызды мәселелерді қамтитын экономикалықматематикалық моделдерді әзірлеу және қолдану қажеттілігі туындайды. Аумақтық экономикалық үдерістерді экономикалықматематикалық моделдеудің негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:

      1) елдің экономикалық дамуындағы аумақтық сәйкестікті модельдеу;

      2) шаруашылық салалары бойынша орналастыруды модельдеу;

      3) аймақтардағы шаруашылық кешендерді қалыптастыруды модельдеу.

      Математикалық аппараттардың терең өңделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді салдарлар ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық әдіс, яғни стратегиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляциялық талдау, сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі қолданылады. Барлық ғылыми әдістер бір-бірімен тығыз байланысты және олар бірін-бірі толықтырады.

      Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі – сол нақты аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуында қол жеткізген деңгейі мен беталыстарын, сондай-ақ өндіргіш күштерінің орналасуын талдау. Талдауда аймақтың табиғиресурстық, әлеуметтік, экономикалық әлуеті, геосаяси жағдайы қарастырылады, ал олар аймақтардың даму ерекшеліктері мен жекелеген аумақтарда өндіргіш күштердің орналасуын ескеруге мүмкіндік береді.

      Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне жүргізілген талдау аумақтық еңбек бөлінісіне аймақтың қатысу ерекшелігін ашуда, аймақтың шаруашылық кешенін дамуын жетілдіруге әсер ететін кемшіліктер мен үйлесімсіздіктерді айқындауда, көлік-экономикалық байланыстарын бағалауда маңызы зор.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Аймақтық ғылым нені зерттейді?

      2. Қоғамның дамуындағы кеңістіктік фактордың маңызы қандай?

      3. Аймақтық экономиканың пәні не болып табылады?

      4. Аймақ дегеніміз не және ол қалай анықталады? Аймақтың ұлттық экономикадан айырмашылығы неде?

      5. Аудан ұғымына қандай анықтама беруге болады және оның аймақтан өзгешелігі бар ма?

      6. Экономиканы кеңістіктік ұйымдастырудың мәні неде?

      7.

Скачать книгу