Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова страница 8
7. Аймақтық экономика ілімінің жаңа кезеңде дамуының қандай бағыттары бар? Қазақстанда өсу полюстері теориясын қолдана отырып аймақтарды дамыту бағыты қандай?
3. АЙМАҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
3.1. Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
Аймақты шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде түсіну үшін оның ерекшеліктері мен басқарудың басқа да объектілерінен айырмашылығын анықтап, экономикалық өмірдің мұндай құбылысын қоғамдық еңбек бөлінісі ретінде қарастыру керек.
Жалпы, еңбек бөлінісі әлемдік, қоғамдық және аумақтық болып бөлінеді. Әр елдің аймақтық, экономикалық әлуетінің рөлі мен мәнін тереңірек түсіну үшін, сонымен бірге басқа басқару объектілеріне қарағанда оның экономикалық өміріндегі қоғамдық еңбекті бөлу құбылысына көңіл аудару аса маңызды. Ол арнайы өндіріс түрлеріндегі адамның оқшауланған іс-әрекетінің жеке адамға, өндіріске, аумаққа, елге бекітілген өндіріс түрлері мен қоғамның өндіргіш күштерінің даму шарттарын білдіреді. Әлемдік тәжірибе қоғамдық өндірістің кемелдену деңгейі қоғамдық еңбекті бөлу деңгейімен анықталатынын растайды.
Еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алады. Бұл үдерістің мәні мен оның қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әр алуан түрлерін бөлудің өзара байланысты және өзара қатынас сипатын қарастырған кезде толығырақ ашыла түседі.
Кез келген қоғамдық-экономикалық формацияның тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы қажеттілікке сай жекелеген іс-әрекет түрлеріне және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінеді. Мұндай заңдылыққа алғаш рет К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінде ғылыми дәлелдеме берілген. Еңбектің аумақтық бөліну үдерісін К. Маркс «елдің белгілі бір аудандарына белгілі бір өндіріс саласын» бекіту деп қарастырған. Дегенмен осы үдерісті тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар бұл өзара байланыстылықты әртүрлі түсіндіреді. Мәселен, аймақтанушы Н.Н. Баранский қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы, жеке және бірыңғай түрлерімен өзара байланысын ұсына отырып, еңбектің аумақтық бөлінісін қоғамдық еңбек бөлінісінің экономикалық заңдылықтарын ерекше кеңістікте көрсету деп ұйғарған. Профессор И.С. Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі еңбек бөлінісінің тек жалпы және жеке даму үдерісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М. Алампиев, В.Е. Комаров, В.М. Москвич және басқалар еңбектің аумақтық бөлінісін тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде қарастырады.
Қоғамдық еңбек бөлінісіне тән сипаттамалары:
• адам қажеттіліктерінің көптүрлілігі және олардың бірыңғай технологиялық үдеріс негізінде қанағаттандыра алмау мүмкіндігінен туындаған адам еңбектері түрлерінің көп түрлілігі;
• адам қызметінің қандай да бір өнімінің ұдайы өндірісінің жеке бөліктеріне шаруашылық қызмет субъектілерінің мамандандырылуы, олардың еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай,