Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница
Сондықтан кез-келген зерттеліп отырған объектінің және субъектінің қауіпсіздігі, оның алдында тұрған мәселелерді шешу жағдайы жететіндігін, ал әртүрлі күтпеген жағдайлар, қауіптер және залалдар орын алған кезде одан қорғану немесе жұмыс қабілеттілігін қайта қалпына келтіре алатындығы туралы айғақтайды.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік әлемдік қауымдастықтың пайымдауы бойынша: қоршаған орта үшін залалдық болмауы, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау, сонымен қатар, ресурстар мен космостық кеңістікті ішкі, сыртқы әрекеттерден сақтау, адам денсаулығына биологиялық әртүрліліктің сақталуына және экологиялық жүйенің тиімді қызмет етуі мен адамзаттың тірі қалуына зиян келтіретін жағымсыз әсерлерден қорғау.
Әлемдік экономикалық қауіпсіздік негізінен ең алдымен, экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығындағы еркін және өзіндік дамуы мен прогреске қабілеттік жағдайдағы қоғамдық қажеттіліктердің тиімді динамикалық өсуінің үйлесімділігі. Осыдан елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен басымдылық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Оларды шешудің тетіктерін ойластыру, өзара мүдделерді ескере және әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, алыс және таяу шет елдермен экономикалық және саяси қатынастарды үйлесімді дамыту, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық саясатты ойластыру мен жүзеге асыруды рационалдау жатады.
Осыдан әлеуметтік-экономикалық мәселелер аса өзекті болған қазіргі кезде, қоғамдық дамудың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық стратегиясының теориялық және тәжірибелік қағидаттарын негізге ала отырып, үдерістердің тереңділігін жанжақты сараптаудың қажеттілігі өсуде. Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – бұл міндетті әлеуметтік саяси тұрақтылығы, мемлекеттік дербестігі оған қоса, ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы тұру тетіктері бар, үнемі тұрақты даму жетілуге бағытталған жалпы мемлекеттік шаралар кешені.
Әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және экологиялық қауіпсізідіктің мәнін анықтау барысында, бұл күрделі саясиэкономикалық түсініктің әртүрлі аспектілерін атап өту керек және ең басты оның ерекшелік негізі – экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық және өзге де көрсеткіштер мағынасын параметр күйінде тұрақты сақтау мүмкіндігі екенін ұмытпау керек.
Бұл жағдайларды мониторинг пен шынайы қауіптерді диагностикалауға негізделген экономикалық, экологиялық, әлеуметтік қауіпсіздік тиімді қамтамасыз етудің және ұлттық экономиканы дамытудың теориялық-тәжірибелік жаңартылуын әзірлеу, сонымен қатар, жағымсыз үрдістерді жеңуге, оларды жоюға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар төніп келе жатқан қауіпті оқиғалар мен шаралар туралы алдын ала ескерту өте маңызды.
Осы жағдай аясында еске аларлық жай, ғылыми және оқулық әдебиеттерде заманауи реформалар жағдайында тиімді экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуының жүзеге асырылуының және дамуының әдістемелері мен әдістері толық қарастырылмаған. Жалпы әдістемелік сипаттама әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті анықтаудың 3 негізігі әдісін атап көрсетеді: мүдделер арқылы (ұлттық, мемлекеттік, қоғамдық және т.б.); экономикалық тәуелсіздік арқылы (сыртқы нарықтан экономиканың, экономикалық саясаттың сыртқы әрекеттерден сақтау және т.б.); тұрақтылық пен орнықтылық арқылы (ұлттық экономика, экономикалық даму, әлеуметтік-экономикалық жүйе және т.б.).
Әлемдік экономикалық қауіпсіздікті мүдделер арқылы экономикалық даумудың тұрақтылық және әртараптандыру жағдайы ретінде анықтау айтарлықтай кең тараған, олар өз назарын жағымсыз факторлар алдында экономикалық қатынас қызметі жағдайының жасауының белгілі бір сипаттамаларын қолдауға бағыттайды. Аталмыш мәселені жалпы мемлекеттік макроэкономикалық дәрежеде қарастыру үшін әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік маңыздылығы тұрақтылық арқылы анықталады. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті тәуелсіздікті анықтау таза күйінде қолданылмайды. Ол мүдделер мен тұрақтылық арқылы анықталудың құрамына енеді.
I тарау
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қауіп және қауіпсіздік ұғымдары: маңызы және түрлері
Кез-келген мемлекеттің өзінің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі әлеуметтік-экономикалық саясатқа айналады. Жаһандану үрдісі күшейген сайын әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару маңызы ерекше орын алады. Өйткені, әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қуаттылығы – әлеуметтік-экономикалық