Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 14

Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов

Скачать книгу

кешенді қамту мақсаттары үшін ғалымдар әлеуметтік-экономикалық шиеленістің синтетикалық индикаторларын әзірледі, олар жұмыссыздық, қылмыстылық, саяси жағдай, ұлтаралық қатынастар, экология, тұтыну нарығының жай-күйі, тұтыну және сауда-саттық тауарлары бағаларының индексі, азаматтардың табыстары, экономиканың жай-күйі, потенциалды әлеуметтік-экономикалық шиеленістің қосымша факторларының болуы сияқты жағдайларды сипаттайды. Жалпы мемлекеттері үшін, алдыңғы кезекте, артта қалған және депрессивтік мемлекеттер үшін бұл индикаторлар осы мемлекеттерді қолдау бойынша ұсыныстарды негіздеу кезінде шешуші рөлге ие болуы мүмкін.

      Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіштері мен критерийлеріне көзқарастардың нақтысы жоқ. Мәселен, И.В. Долматов мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің жай-күйінің басты индикаторлары ретінде әлеуметтік индикаторларды қабылдауды ұсынады, олар демографиялық қауіпсіздік, өмір сүру сфераларының және еңбек нарығының индикаторларынан тұрады. Бірақ мұндай индикаторларға қандай көрсеткіштер кіретінін автор анықтамайды [22].

      Н.В. Дюженкова мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің жай-күйін рейтингтік бағалаудың үш нұсқасын келтіреді, олар Тамбов технологиялық университетінің ғалымдарымен әзірленген. Осы нұсқаларда мемлекеттік еңбек нарығының өндірістік, ғылыми-техникалық, қаржылық, әлеуметтік-демографиялық, қоғамдық, сауда-саттық, экологиялық құрамдастарын сипаттайтын көрсеткіштер блогы жүйесінің оқшау көрсеткішін айыру қарастырылады. «Орындар сомасы» атауымен рейтингтік бағалау әдістемесінің бірінші нұсқасын пайдаланған уақытта нақты зерттеу объектісіне берілген балл саны берілген көрсеткіш бойынша ранжирлеу кезінде объектпен алынған орынмен анықталған. Ақырғы ранжирлеу нақты көрсеткіш негізінде жүргізілген, ол келесі әдістермен анықталады: біріншіден, көрсеткіштердің бүкіл жиынтығы бойынша балл сомасы ретінде; екіншіден, көрсеткіштердің әр блогы бойынша объект орналасқан орындар сомасы; үшіншіден, көрсеткіштердің әр блогы бойынша олардың әрқайсысының маңыздылығын есепке алғанда, объект орналасқан орындар сомасы [23].

      Әдістеменің екінші нұсқасы ең кіші квадраттау әдісін модификациялау көмегімен интегралды көрсеткіштерге негізделген. Мұнда әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі анағұрлым жақсы күйдегі объектінің мәні квадраттар сомасы да, сонымен бірге осы санның түбірі (орташа квадраттық ауытқу) де ең аз шамада, болуы тиіс.

      Үшінші нұсқа, «орындар сомасы» және ең аз квадраттар әдістерінің комбинациясына негізделеді. Мұның негізінде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің ерекшеленген құрамдастарының маңыздылығын есепке алу жатыр. Ең аз квадраттар әдісін қолданған кезде бірнеше кезеңде барлық құраушылары бойынша барлық объектілердің рангтері анықталады. Әрі қарай көрсеткіштердің маңыздылығын ескере отырып, объектінің рангтерін қосу арқылы интегралды көрсеткіш

Скачать книгу