Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 19

Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов

Скачать книгу

денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша өзіне өзі қол жұмсаудың шекті деңгейі 100 мың адамға шаққанда 20 суицид ретінде анықталады. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын келесі индикатор қылмыстылық деңгейі болып табылады. Ол тұрғындардың 100 мыңына шаққанда саналады. Дүниежүзілік тәжірибеде 100 мың тұрғынға шаққанда 6 мың қылмыс шекті мән болып саналады. Экологиялық тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің анағұрлым маңызды блогы болып санала тұра, тек республика аумағындағы экологиялық нақты ахуалды ғана емес, сондай-ақ барлық салалар мен экономикалық қызметтің құрамдастарымен органикалық тығыз байланыста болады. Мәселен, еліміздің тұрақты даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі табиғи ресурстарды рационалды қолдану адамның өмір сүруінің салауатты ортасын қалыптастыру, оның мәдени және рухани жетілуіне жағдайлар жасау болып табылады.

      Осыған сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі және тұрақты дамуы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс: аймақ бюджетіне экологиялық төлемдер есебінен түсетін түсімдер, аймақ бюджетіндегі қоршаған ортаны қорғауға кеткен шығындардың үлесі, қоршаған ортаға ластанған заттардың көлемі, утилизацияланған ластаушы заттардың көлемі, стационарды көздерден тасталған ластанған заттар, сұйық және газ сияқты ластанған заттар, қатты ластанған заттар, стационарлы көздерден адам басына шаққанда атмосфераға тастаған ластанған заттар.

      Мемлекеттің экологиялық тұрақтылығын сипаттайтын көптеген көрсеткіштер бойынша шекті мәндер ретінде талдау процесінде орташа мемлекеттік мәналу қажет. Келтірілген көрсеткіштерді қолдану қауіпсіздіктің қоғамдық өмірдің әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, экология саласындағы негізгі түрлерінің ахуалын бағалауда маңызды мәнге ие. Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік деңгейлерінің шекті мәндерін бекітуге мүмкіндік береді. Демек, бір немесе басқа міндетті шешуде тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Келтірілген көрсеткіштерге және олардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқу шамаларына сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің жай-күйін төмендегідей сипаттауға болады:

      – қалыпты ахуал, бұл кезде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің индикаторлары шекті мәндер шегінде болады;

      – дағдарыс алды ахуал, бұл кезде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің ең болмағанда бір индикаторының шекті мәні асып түседі;

      – дағдарыстық ахуал, бұл кезде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің негізгі индикаторларының көбісінің шекті мәндері асып кетеді;

      – критикалық ахуал, бұл кезде негізгі де, екінші деңгейлі де индикаторлардың шекті мәндері асып кетеді.

      Сондықтан, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қарастыру кезіндегі алдыңғы кезекті мәселелердің

Скачать книгу