Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков страница 12

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков

Скачать книгу

тайпасын) құраған этно-саяси бірлестіктердің бірі ретінде сипаттап жүргендерін білген де артық болмас. Сонымен қатар кейіннен Жетісудағы Қарлық хандығы ыдыраған кезде Қарлықтардың үлкен бөлігі түрікмендер құрамына сіңісіп кетсе, Ферғана аймағындағы бір бөлігі болашақ өзбек халқының қалыптасуының этно-әлеуметтік негіздерін құрауға атсалысты. Этникалық топ ретінде Қарлықтар қырғыздарда да кездеседі. VIІІ ғасырда олар Енесай қырғыздарымен көрші болған болса, Х-ХІ ғасырларда қырғыздардың Қарлықтар мекендейтін Ыстықкөл аймағына келіп қоныстанғандары белгілі. Дегенмен де Қарлықтардың негізінен қазіргі Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрген көшпелі тайпалар бірлестігі екендігін естен шығаруға болмайды. Бұдан туындайтын қорытынды – Қарлықтар біздің қазақ халқының қалыптасуының этникалық үдерістерінде өзіндік із қалдырған этно-саяси бірлестік. Кезінде олар Ұлы Түрік қағанаты құрамында көшіп жүрсе, кейіннен Батыс Түрік қағанатының қарауына көшті.

      Алайда Қарлықтардың бүкіл тарихы дербестікке және азаттыққа қол жеткізу жолындағы күрестер тарихы. Осындай өрелі мақсатпен және өрлікпен рухтанған оларды, басқаларды айтпағанда, тіптен өздерімен қандас түркітілдес тайпалармен бір мемлекет құрамында бағынышты болып жүрудің өзі де қанағаттандырған емес. Мұның себебін олардың геополитикалық тұрғыдан қолайсыз аймақта орналасуларынан іздестірген жөн. Терістікте қырғыздар, шығыста ұйғырлар, оңтүстік шығыста қытайлар мен тибеттіктер оларға ылғи да қауіп төндірумен болды.

      654 жылы Қарлықтарды және олардың көршілері Чумугендерді (Шөмекейлердің бабаларын) Таң империясының әскерлері басып алды. Біраз уақыт қытайлықтар тепкісінде болған оларды 682 жылы қайта құрылған Шығыс Түрік қағанаты өзіне қосып алды. Бірақ өздерінің күш-қуатына аса сенімді азаттық сүйгіш Қарлықтар қағанатқа қарсы 711 жылдан бастап бірнеше ірі көтерілістер ұйымдастырды. Ақырында олардың 742 жылы Ұйғырлармен және Басмылдармен қатар көтерілуі Шығыс Түрік қағанатының түбіне жетті. Қарлықтарға туыстас Басмылдар қаһарлы Көктүріктердің соңғы ханы Озмыштың басын кесіп алып, қытайдың астанасы Чананьға жеткізді. Алайда саяси билікке Басмылдар мен Қарлықтар емес, ынтымағы әлдеқайда күшті Ұйғырлар келді. Осылайша 745 жылы Көк түріктердің қуатты қағанаты келмеске кетіп, енді ұйғырлар билейтін түркілердің біріккен қағанаты орнықты. Қарлұқтар Басмылдармен бірге амалсыздан өздері ұнатпайтын Ұйғырларға бағыныштылыққа түсті. Дегенмен де олар жаңа саяси билікке толық мойынсұна қойған жоқ. Қарлықтардың үлкен бөлігі батысқа қаша көшті.

      Қалыптасқан саяси ахуалға байланысты VIІІ ғ. ортасына қарай олар осылайша екі үлкен бөлімге бөлінді. Олардың біраз рулары – шығыста Қанғай тауларында қалып Ұйғырларға бағынса, ал екінші, батысқа жылжыған тобы – Алтай мен Шығыс Тянь-Шянь аралығында өмір сүріп жатты. Алайда 755 жылы Ұйғырлар батысқа жылжып, Қарлықтар мен Басмылдарды қайта бағындырды. Арада төрт жылдан кейін ғана, Ұйғырлардың қағаны Мойынчор

Скачать книгу