Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 24
Үкіметтің қазақ халқының шаруашылық өміріне араласуы саяси мүддені көздеуімен байланысты патша үкіметінің, ресейлік шекара шебінің Қазақстанның оңтүстік шекарасына жақындап жылжуына қарай Орынбор ведомствосы қазақтарын отырықшыландыру мәселесіне қатысты бағытын өзгертуі – мұның айқын дәлелі. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары патша үкіметінің осы саясатының мәнін анықтайтын жарлықтар шықты. Әсіресе 1852 жылы 23 желтоқсандағы қазақтарға қазақ даласына жолшыбай және іс-сапармен барушыларды күтуге рұқсат беру әрі сонымен айналысатындарға үй салу үшін тегін жер беру туралы жарлық; 1859 жылы 24 наурыздағы Орал казак әскерінің жерлерінде көшіп жүрген және далалық аймаққа қоныстануға тиіс қазақтарға олардың казак қатарына кірген жағдайда жергілікті жерден жер үлестерін бөліп беру туралы жарлық26.
Бақылау сұрақтары:
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ көшпенді қоғамының әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін ашыңыз.
2. Даладағы аймақтық сауда орындарының қалыптасу барысын көрсетіңіз.
3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ басшыларының қалыптасу барысын көрсетіңіз.
4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей үкіметінің өлкедегі жер саясатының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
§ 4. ХІХ ғасырдың бірін ші жарты сындағы Ре сейдің Орта Азиядағы саясаты
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей мен Хиуа арасындағы қатынастар сауда байланыстарының дамуына қарамастан қиын болды. Себебі қазақ даласындағы ықпал ету аймақтарының шектелуінен еді. Хиуа хандығымен шекаралас қазақ жерлерінің жүз жылдай уақыт Ресей империясының құрамында болғандығына қарамастан Хиуа билеушілері Каспий теңізін бойлай көшіп жүрген қазақ руларына үстемдік орнатуды көздеді. Бұған қоса Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізінің солтүстік жағалауы және Ембі өзені мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы арасындағы кең байтақ далалық кеңістік, іс жүзінде Ресейге де, Хиуаға да қараған жоқ. Бұл аймаққа Ресей бодандығындағы және Хиуа билігіндегі қазақтар қажет жағдайда көшетін болған. Осыдан Хиуа қазақ тұрғындарына өз ықпалын жүргізуге тырысып, қазақ руларын Ресей шекарасынан Хиуа жағына қарай көшуге үгіттеді. Мұны хиуалық билеушілердің қолдауына сүйенген қазақ ақсүйек өкілдері де пайдаланды. Кіші жүз ханы Серғазы (1812-1824 ж.) Хиуа ханы Аллақұлдың (1826-1842 ж.) көмегімен 1824 жылғы реформадан кейін жоғалтылған лауазымын қайтаруға тырысты. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс 1831 жылы 25 сәуірде Азиялық департаментке Серғазы ханның баласы Едігенің қазақтарды «шепті тастап, діншіл Хиуа жағына өтуге» үгіттегенін баяндаған. 1836 ж. ақпанда хиуалық хан Аллақұл Қайыпғали Ишимов сұлтанға батыс қазақтарының ханы титулын анықтайтын хандық фирманды (жарлық) тапсырды. Қайыпғали Ишимов Хиуадан қазақ даласына оралған соң хиуалық монархтың креатурасы ретінде сөз сөйлеп, өзіне бағынушы
26
ОрОММ. – 18-қор. – 1-тізбе. –1471-іс. – 19-20 aртқы парақша.