Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 32
Сұлтандар көтерілістің алғашқы кезеңінде (1837-1838 ж.) халықпен бірге жаппай қатысқанымен, көтерілістің келесі шешуші кезеңдерінде олардың басым бөлігі көтерілістен бас тартты. Бұған себеп орыс отаршылдарының үстемдігі нығайған тұста өздеріне тиесілі артықшылықтар мен пайдадан айырылып қалудан қорықты.
Кенесары Қасымұлының әскері халық батырлары мен феодалдық жасақ – төлеңгіттерден құралды. Кенесары әскері құрамында қазақ жүздеріндегі ықпалды да танымал батырлар болды. Олардың қатарында Шұбыртпалы руынан Ағыбай (Орта жүз – Қарқаралы), Сүйіндік руынан Жанайдар батыр (Орта жүз – Баянауыл), қыпшақ руынан Иман Дулатұлы (Амангелді батырдың атасы) (Орта жүз – Торғай), табын руынан Жоламан Тіленшіұлы (Кіші жүз – Сырдария), Дулат руынан Бұғыбай батыр (Ұлы жүз – Жетісу, Жамбыл), Дулат руынан Саурық батыр (Ұлы жүз – Жетісу), Атығай руынан Аңғал батыр (Орта жүз – Көкшетау), Қыпшақ руынан Басығара батыр (Орта жүз – Ақмола).
Батырлар арасында танымал болған Кенесарының апасы Бопай ханша еді. Көтерілістің алғашқы күнінен бастап-ақ белсенділік танытып, кейін көтеріліске қатысуға күйеуі Сәмеке мен оның туыстары – Сөртек сұлтан мен Досан Әбілқайыр ұлдарын да шақырады. 1837 жылы ұсынысын қабыл алмаған күйеуі бөлек кетіп, 17 жасар ұлымен тағдырын байланыстырды және көтеріліске қатысудан бас тартқан сұлтандардың саудасы мен мүлкін тәркілеп, зекет салығын жинап отырған 500 адамдық әскерін басқарды. Бопай Кенесарының барлық жиналыстарына қатысып, оның ірі қозғалыстарына араласты және жау тылын бағдарлайтын жекеленген партизандық топ жұмысында болды.
Кенесары әскерін қазақ көтерілісшілерімен қатар көтеріліс өткен аудандарда тұратын әр түрлі ұлт өкілдері толықтырып отырды. Ортақ жауына қарсы қазақтармен бірге патша үкіметіне қарсы орыс, башқұрт және татар шаруалары да қатысты. Кенесарының қарамағында олардан өзге қарақалпақ, түрікмен, өзбек, қырғыздар да болды. Олардың арасында Самарқан мен Бұхарада білім алған Сайдақ Қожа Остановтың орны ерекше еді. Ол дипломатиялық келіссөздерде және мемлекеттік басқару істерінде Кенесарының сенімді көмекшісі болды.
1838 жылдың көктемінде Кенесарының патша отрядымен қарулы қақтығысы ұзаққа созылды және табанды қарсылық көрсетілді. 1838 жылдың 26 мамырында Кенесары Қасымұлының Ақмола приказдығы үшін өткен ұрысы ерекше қиян-кескі сипатқа ие болды. Ақмола округінің бас сұлтаны, подполковник Қоңыр Құлжа Құдаймендин мен бекіністің коменданты старшын Карбышевтың әскері отқа оранған бекіністен үлкен кедергілер арқылы әрең босап шықты. Көтерілісшілер Торғай далалық аймағына барып орнықты.
Қозғалыстың жаңа кезеңі 1838 жылдың қыс мезгілінде басталды, Кенесары қуатты және біріккен қозғалысты ұйымдастыруды қолға алды. Ең алдымен, ол Орынбор ведомствосының